І ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «АҚ СӘУЛЕЛІ АЛТЫН ТАҢ!» ФЕСТИВАЛЬ-КОНКУРСЫНЫҢ
ЕРЕЖЕСІ
Өтетін орны: Қазақстан Республикасы, Атырау қаласы
Өтетін күндері: 11-13 мамыр 2018 ж.
Өтініштер мамырдың 5-не дейін қабылданады
Фестиваль-конкурстың мақсаттары:
- Қатысушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру.
- Жастардың патриоттық сезімдерін оятып, ұлтжандылыққа, елін, өз елінің өнерін сүюге тәрбиелеу.
- Дарынды жастардың әлеуетін толыққанды ашу.
- Шынайы бәсекелік сезімдерін ояту.
- Өнер ұжымдары мен сайыскерлер арасында өзара шығармашылық қарым-қатынас орнатуға дәнекер болу.
- Әр түрлі өнер ұжымдарының шығармашылық қабілеттерін бағалау.
- Шығармашылық ізденістегі оқытушыларды марапаттау, көтермелеу.
- Озық шығармашылық топтар мен қатынасушыларды жарнамалау.
- Жастарды өнерге баулу, шығармашылыққа тәрбиелеу.
- Халқымыздың төл өнерін насихаттау.
Фестиваль-конкурс төмендегі номинациялар бойынша өтеді:
- Аспаптық музыка (ұлт аспаптар (домбыра, қобыз, баян, шертер, қыл-қобыз, т.б.), классикалық аспаптар (фортепиано, жалпы фортепиано, скрипка, флейта, саксофон, гобой, т.б.), жеке, ансамбль)
- Вокал (эстрадалық, академиялық вокал және дәстүрлі ән, жеке әнші, вокалдық ансамбль, хор ұжымдары)
- Хореография (жеке биші, ансамбль)
- Көркем сөз (қазақ немесе орыс тілінде)
Жас категориялары:
балдырған топ (3-6 жасқа дейін)
кіші топ (7-10 жасқа дейін)
орта топ (11-13 жас)
үлкен топ (14 - 18 жас)
жоғары топ (19-25 жас (25 жасты қоса алғанда))
Қатысушылардың жасы конкурс өткізіліп отырған уақытпен есептелетінін ескерулеріңізді сұраймыз.
ФЕСТИВАЛЬ-КОНКУРСҚА ҚАТЫНАСУ ШАРТТАРЫ
Фестиваль-конкурс мемлекеттік және орыс тілдерінде өтеді және барлық дипломдар мен алғыс хаттар мемлекеттік қазақ тілінде жазылады. Қатысушылардың репертуарында кез-келген оркестр, аспапты ансамбль немесе өз сүйемелдеуінде, кез-келген тілде вокалды-аспаптық, вокалды-хореографиялық композициялар бола алады. Аранжировка кәсіби студияда кәсіби музыканттармен жасалуы тиіс. Фонограмма (-) флешкада, мини дискіде немесе компакт дискіде (СD) жоғары сапада жазылуы және орындаушының аты-жөні/ансамбльдің аты, шығарманың аты көрсетілуі тиіс. Конкурста плюстік фонограмма қолдануға тыйым салынады! Алдыңғы сайысқа қатысқан өнерпаздар бұл сайысқа жаңа репертуар дайындауы қажет. Фестиваль-конкурсқа қатысушылардың реттік нөмірлерін фестиваль-конкурстың ұйымдастыру комитеті өтініштердің қабылдану реті бойынша белгілейді.
Конкурста орындалатын шығармаларға қойылатын талаптар:
1. Домбыра - 1 күй немесе 1 шығарма.
2. Барлық басқа аспаптар - 1 шығарма.
3. Вокал (эстрадалық, академиялық, дәстүрлі) - 1 (бір) әннен орындайды.
4. Хореография - әр ұжым ұзақтығы 3,5 минуттан аспайтын 1 (бір) биден өнер көрсетеді.
5. Көркем сөз - әр қатысушы ұзақтығы 3 минуттан аспайтын поэзиядан үзінді оқиды.
Кез келген сайыскер, сүйемелдеуші немесе қандай да бір себеппен сахнаға шығатын кез келген адам САХНАЛЫҚ КИІМ киюі шарт. Спорттық үлгідегі киімде, джинсы, футболка немесе өзге сахналық киімге жатпайтын киіммен сахнаға шығуға қатаң тыйым салынады (бұл талап тек «театр өнері» номинациясына ғана қойылмайды, «театр өнері» номинациясының қатысушылары қойылымның сипатына қарай тиісті түрде киінуіне болады). Ұйымдастыру алқасы сайыс кезінде оғаш мінез, дөрекілік танытқан қатысушыларды сайысқа қатыстырмауға, нәтижесін жоққа шығаруға құқылы. Сайысқа жеке басының себептеріне байланысты қатынаса алмаған немесе талаптардың сақталмауына байланысты сайыстан шығарылған сайыскерлердің жарнасы қайтарылмайды.
МІНДЕТТІ ТАЛАП: Сайыскерлердің конкурс кезіндегі қауіпсіздігі үшін қатысушылар әрдайым ересек адамның бақылауында болуы қажет (жетекшісі және/немесе ата-анасы). Кәмелетке толмаған балалардың ересек адамның қарауынсыз конкурсқа қатысуына тыйым салынады. Әрбір жетекші немесе ата-ана конкурсқа қатынасуға алып келген әрбір сайыскерге (әрбір ұжым мүшесіне) толықтай жауапты.
Фестиваль-конкурске қатынасу үшін келесі құжаттарды aksaulealtyntan@mail.ru электрондық мекенжайына жіберулеріңізді сұраймыз:
1. Толықтай толтырылған өтініш (№1 Қосымша осы ереженің ажыратылмас бөлігі).
2. Сайыскерлердің туу туралы куәлігінің (жеке басын куәландыратын құжаттың) көшірмесі.
3. Жетекшісінің, сүйемелдеушісінің (болған жағдайда) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.
ЕСКЕРТУ, МІНДЕТТІ ТҮРДЕ:
- өтініштер ВОРД (WORD) форматта және тек қана біздің формада толтырылуы керек;
- өтінішпен бірге бір файлда куәлік/тер жолдануы керек;
- ансамбльдің құрамы толықтай жазылуы керек (құрамында 10 адам болса, 10 адамның тізімі);
Жоғарыдағы талаптар орындалмаған жағдайда өтініштер қабылданбайды. Өтініште берілген мәліметтер толық және нақты деп қабылданады және өзгертулер мамыр айының 5-не дейін енгізіледі. Дипломдар мен алғыс хаттардың өтініште берілген мәліметке сәйкес толтырылатындығын ескерулеріңізді сұраймыз
ЖҮЛДЕЛІ ОРЫНДАР (жас категориялары және номинациялар бойынша)
Гран при
1 - 3 орындар - лауреат
4 - 5 орындар - дипломант
Өзге сайыскерлердің барлығы өнер сайысына ат салысқаны үшін «Алғыс хатпен» марапатталады. Жүлдегер дайындаған жетекшілер және жүлдегерді сүйемелдеген концертмейстерлер «Дипломмен» марапатталады. Оқушылары/студенттері жүлделі орын алмаған жетекшілерге, олардың концертмейстерлеріне диплом берілмейді.
Фестиваль-конкурстың ұйымдастыру жарнасы:
1. Жеке орындаушылар үшін - 10,000 теңге
2. Дуэт, триолар үшін - 20,000 теңге
3. Ансамбльдер үшін (мүшелерінің саны 4-10 адам) - 30000 теңге
(Ескерту: ансамбль құрамындағы орындаушылардың саны 10-нан асқан жағдайда әрбір сайыскер үшін қосымша 3000 теңге төленеді)
ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫ
Сайыскерлердің өнерін кәсіби әділ қазылар жабық дауыс беру түрінде бағалайды. Қазылар алқасы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының мәдениет саласының майталмандары. Байқауға қатысушыларды көрсеткен өнеріне байланысты қазылар алқасы жабық дауыс беру жүйесімен бағалайды.Қазылар алқасының шешімдері хаттамада тіркеледі және өзгертілмейді. Қазылар алқасы жас категориялары және/немесе номинациялар/аспаптар бойынша қатысушылардың саны жеткіліксіз болса жас категорияларын және/немесе номинацияларды/аспаптарды біріктіруге құқылы. Қазылар алқасы қатысушылардың орындау шеберлігі тиісті талаптарға сай болмаса жүлделі орындарды бермеуге құқылы. Фестиваль-конкурс аяқталғаннан кейін ұйымдастырылатын «дөңгелек үстелге» барлық жетекшілер қатысуға міндетті (жетекшісіз қатынасса ата-анасы). Дөңгелек үстелге қатынаспаған жетекшілердің сұрақтарына қорытындыдан кейін немесе басқа уақытта жауап берілмейді.
Фестиваль-конкурсқа қатынасу үшін өтініш жіберу - сайыскердің осы ережеде көрсетілген талаптарды оқып, түсінгендігін, қарсылығы жоқ екендігін білдіреді.
Ұйымдастырушы туралы мәлімет:
+7 777 242 30 44, +7 775 201 82 63, +7 778 930 21 33
aksaulealtyntan@mail.ru
ПОЛОЖЕНИЕ I МЕЖДУНАРОДНОГО ФЕСТИВАЛЯ-КОНКУРСА
«АҚ СӘУЛЕЛІ АЛТЫН ТАҢ!»
Место проведения: Республика Казахстан, г.Атырау
Дата проведения: 11-13 мая 2018 г.
Заявки принимаются до 5 мая
Цели фестиваля-конкурса:
- стимулирование развития творческих способностей участников;
- раскрытие потенциала талантливой молодежи;
- создание здорового духа соревнования;
- способствование установлению дружеских контактов между творческими коллективами и участниками;
- оценка способностей различных творческих коллективов;
- поощрение талантливых преподавателей, находящихся в творческом поиске;
- содействие продвижению лучших творческих коллективов и участников;
- ориентировать молодежь на искусство, воспитывать творческие устремления;
- пропагандировать народное искусство.
Фестиваль-конкурс проводится по следующим номинациям:
- инструментальная музыка (народные инструменты (домбра, кобыз, баян и т.д.), классические инструменты (фортепиано, общее фортепиано, скрипка, флейта, саксофон, гобой, и т.д.), солисты, ансамбли)
- Вокал (эстрадный вокал, академический вокал, народное пение, солисты, вокальные ансамбли, хоры)
- Хореография (солисты, ансамбли)
- Художественное чтение (на казахском или русском)
Возрастные категории:
- дошкольная группа (3-6 лет)
- младшая группа (7-10 лет)
- средняя группа (11-13 лет)
- старшая группа (14 - 18 лет)
- взрослая группа (19-25 лет (включительно)).
- Возраст определяется на момент проведения конкурса.
УСЛОВИЯ УЧАСТИЯ В ФЕСТИВАЛЕ-КОНКУРСЕ
Фестиваль-конкурс проводится на государственном и русском языках. Все дипломы и благодарственные письма заполняются на казахском языке. В репертуаре участников могут быть вокально-инструментальные, вокально-хореографические произведения в сопровождении любого оркестра, инструментального ансамбля или в собственном сопровождении, и на любом языке. Аранжировка аккомпанемента должна быть сделана в профессиональной студии профессиональными музыкантами. Инструментальная фонограмма (-) должна быть качественно записана на мини-диске или компакт-диске(СD) и на диске должны быть указаны данные исполнителя/ансамбля, название и автор произведения. Исполнение под плюсовую фонограмму запрещается! Участники, участвовавшие в предыдущих конкурсах, должны обновить свой репертуар. Порядковые номера исполнителей присваиваются организационным комитетом.по мере поступления заявок.
Требования к конкурсным номерам:
1. Домбра - 1 кюй или 1 произведение.
2. Все остальные инструменты - 1 произведение.
3. Вокал (эстрадный, академический, народный) - 1 песня.
4. Хореография - 1 танец с продолжительностью не более 3,5 минут.
5. Художественное чтение - 1 отрывок из поэзии.
Любой участник, концертмейстер и любой другой человек, которому необходимо выйти на сцену по тем или иным причинам, должен быть одет В СЦЕНИЧЕСКУЮ ОДЕЖДУ. В спортивной одежде, джинсах, футболках или другой неприемлемой одежде выход на сцену запрещен (настоящее требование не распространяется на конкурсантов, участвующих по номинации «театральное искусство»; участники по данной номинации могут выходить на сцену в необходимом образе согласно специфике представления). Оргкомитет оставляет за собой право отстранить от участия в конкурсе/аннулировать результаты участников, кто вел себя неадекватно или разговаривал неподобающим образом. Организационные сборы тех участников, кто не смог принять участие по личным причинам или из-за нарушения требований, изложенных выше, не возвращаются.
ОБЯЗАТЕЛЬНОЕ ТРЕБОВАНИЕ: для обеспечения безопасности во время проведения конкурса, участники все время должны находиться под контролем взрослого человека (руководителя и/или родителя). Запрещается участие несовершеннолетних без сопровождения взрослого человека. Каждый руководитель и/или родитель несет исключительную ответственность за безопасность каждого сопровождаемого им участника (члена коллектива).
Для участия в фестивале-конкурсе необходимо отправить следующие документы на электронный адрес aksaulealtyntan@mail.ru:
1. Полностью заполненную заявку (Приложение №1, которое является неотъемлемой частью настоящего положения);
2. Копию свидетельства о рождении (документа, удостоверяющего личность) конкурсантов.
3. Копия документа (удостоверяющего личность) руководителя и концертмейстера
ОБЯЗАТЕЛЬНОЕ ТРЕБОВАНИЕ:
- необходимо заполнить исключительно нашу заявку и отправить в формате ВОРД (WORD);
- свидетельство о рождении участника необходимо отправить в одном файле вместе с заявкой;
- необходимо предоставить полный состав ансамблей (если в составе 10 чел, список всех 10 участников).
Заявки не принимаются в случае неисполнения вышеизложенных требований. Данные, содержащиеся в заявке трактуются как верные и окончательные и могут быть изменены только до 5 мая. Просим учесть то, что дипломы и благодарственные письма будут заполняться исходя из данных, приведенных в заявке.
ПРИЗОВЫЕ МЕСТА (по возрастным категориям и номинациям)
Гран-при
1 - 3 места - лауреаты
4 - 5 места - дипломанты
Всем остальным участникам будут вручены «Благодарственные письма» за участие в конкурсе. Руководителям, подготовившим лауреатов,будут вручены «Дипломы». Для руководителей, чьи ученики не заняли призовые места, и их концертмейстеров дипломы не предусмотрены.
Организационные сборы:
1. Солисты - 10,000 тенге (1800 рубль)
2. Дуэт, трио - 20,000 тенге (3600 рубль)
3. Ансамбли (от 4 до 10 человек) - 30,000 тенге (5400 рубль) (Примечание: если количество членов ансамбля превышает 10, за каждого участника дополнительно оплачивается по 3000 тенге (550 рубль))
ЧЛЕНЫ ЖЮРИ
Выступление участников оценивается профессиональным жюри путем закрытого голосования. В состав жюри входят высококвалифицированные специалисты в области культуры РК и РФ. Решение жюри заносится в протокол, является окончательным и изменению не подлежит. Жюри, на свое усмотрение, вправе обединять возрастные категории и/или жанры ввиду недостаточного количества участников по отдельным возрастным категориям и/или жанрам. Жюри оставляет за собой право не присуждать призовые места в случае, если мастерство исполнения/выступления участников не соответствует квалификационным требованиям. Все руководители (или родители, в случае если участник участвует без руководителя) обязаны принять участие в круглом столе, который пройдет после завершения выступлений. Вопросы руководителей/родителей, не участвовавших в круглом столе, не подлежат обсуждению после оглашения результатов или в любое другое время. Подача заявки на участие в фестивале-конкурсе подтверждает то, что участник прочитал, понял и согласился с условиями настоящего положения.
Данные об организаторе конкурса:
+7 777 242 30 44, +7 775 201 82 63, +7 778 930 21 33
aksaulealtyntan@mail.ru