Главная festivali.kz Регистрация Обратная связь


Регистрация в справочнике О проекте art-dance.kz
 
КАТЕГОРИИ НОВОСТЕЙ
Концерты, балет, вечеринкиМастер-классыФестивали, конкурсы
 
 
 
 
« Ноя.2024»
Пн.Вт.Ср.Чт.Пт.Сб.Вс.
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
 
МЫ ВКОНТАКТЕ
 
г. Астана
 
 
НАША БОЛЬШАЯ КНОПКА


Поддержите проект art-dance.kz!
Разместите нашу кнопку на своем ресурсе.

код кнопки:
 
Яндекс - Виджет

Танцевальные события

Удобный способ получать последние новости о танцевальных событиях в Казахстане от art-dance.kz.

добавить на Яндекс
 
Афиша ротатор
2_SVOBODA_DANCE
Astana Stars
BiG_DANCE_7dec
BiG_DANCE_14dec
Tancuj_Novogodnij_sezon
 
Архив новостей:
2009/ 10/ 11/ 12/ 13/ 14/ 15/ 16/ 17/ 18/ 19/ 20/ 21
Предстоящие фестивали, конкурсы, турниры:

«Орта Азия таланттары - 2022» Халықаралық фестивалі

«Орта Азия таланттары - 2022» Халықаралық фестивалі

Байқау жанрлары - көркем сөз, ән-би, сән театры, мюзикл-әртістік шеберлік байқауына қатысуға шақырамыз!

Өткізілу мерзімі: 2022 жылдың 28 наурызы күні өтеді.
Өткізу орны: Нұр-сұлтан қаласы, Жеңіс к-сі 33, Е.Рахмадиев ат. Концерттік залы..

Байқауға қатысушылар:
Байқауға көркем сөз оқу шеберлігін игерген, ән және би өнеріне қабілеттері бар, дәстүрлі ән орындауға икемденген, аспапта ойнауды меңгерген, сән әлемімен дизайнға жан жақын, әртістік шеберлігін жетілдірген 3-25 жас аралығындағы балабақша мен білім беру мекемелерінің оқушылары, қала аймақтар жастары қатыса алады.

Жас ерекшеліктеріне байланысты қатысушыларды төмендегідей топтарға жіктеу қарастырылған:
- Бүлдіршін топ 1 (3-5 жас);
- Бүлдіршін топ 2 (6-7 жас);
- Кіші топ (8-10 жас);
- Орта топ (11-13 жас);
- Жасөспірім топ (14-16 жас);
- Жоғарғы топ (17-25 жас).

Өнер көрсету бағытына байланысты байқау келесі номинациялар бойынша өткізіледі:
- Көркем сөз;
- Эстрадалық вокал;
- Дәстүрлі ән;
- Аспапта орындау;
- Хореография;
- Сән театры;
- Әртістік шеберлік.

Байқаудың негізгі талаптары:
- Еркін тақырыпта, ұзақтығы 3,5 минут шамасында, 1 шығарма орындалуы қажет.
- Музыканы сахна мәдениеті мен киім үлгісін кәсіби деңгейде көркемдеу.
- Өнер көрсету күш-жігерге, қайсарлық пен батырлыққа ұмтылысты, өмірге деген сүйіспеншілік пен үздік болуға ынтаны көрсетіп, мотивациялық тұрғыда болуы шарт.
- Орындау шеберлігі.

НОМИНАЦИЯЛАР:
«Көркем сөз» номинациясы
«Эстрадалық вокал» номинациясы
«Дәстүрлі ән» номинациясы
«Аспапта ойнау» номинациясы
«Хореoграфия» номинациясы
- Ұлттық би (қазақ биі);
- Ұлттық би стилизациясы;
- Халық билері (орыс, украина т.б.)
- Шығыс билері (өзбек, тәжік, хорезм, араб т.б.)
- Қазіргі заманғы билер; (эстрадалық би, модерн, хип-хоп, street dance, нео казакша, сахналық т.б.)

Өтініш формасы:
Почтаға қатысушының ФИО толық тізімі, номинациясы, жасы, байланыс телефоны және тек байқауға әкелетін нөмірлерінің музыкасы ғана жіберілу керек.

Аталған ережені сақтамаған жағдайда, қатысушының жетекшісі жауап береді. (CD диск, флешка қабылданбайды).
Музыка алдын ала поштаға жіберілуі тиіс. Электрондық пошта: gdshaktobe@mail.ru

Байқаудың қазылар алқасы: Қазылар құрамына шақырылатын сарапшылар - лайықты өнер қайраткерлері, сазгерлер, ақындар, әншілер, вокал ұстаздары, хореографтар, белгілі филологтар, мұғалімдер мен журналистер және орталық қызметкерлерінен белгілі өнер педагогтары.
Қазылар мүддесіне келесідей әрекеттер кіреді:
Қазылар қатысушыларды 10 балдық жүйемен бағалайды.
Қазылар алқасы сыйды бөліп беруге немесе бермеуге құқылы.
Қазылар шешімі ақырғы шешім болып есептеледі, қайта қаралмайды.
Қазылар шешіміне шағым қабылданбайды.

Байқаудың сыйлықтары:
- Жарты метрлік кубок 6 және одан да көп номинацияда ең үздік деп танылған ұжымға беріледі;
- "Сыйақы 25000 тг.
- 5 номинацияда Бас жүлдені жеңіп алған жетекшілерге табысталады.

Байқаудың жүлдесі:
- Байқау қатысушылары дипломдарымен және медальдармен марапатталады;
- «Бас жүлде» әр номинацияда және жас ерекшеліктерге сай беріледі. Әділқазылардың он балдық бағасымен есептелінеді):
- Барлық жүлделі орындарға КУБОК, диплом мен медальдар беріледі!
- «Диплом» (І, ІІ, ІІІ дәрежелі)
- «Үздік жетекші» номинациясы (ерекше номер ұсынған жетекшілерге беріледі)
- "Құрмет грамотасы" және "Ақшалай сертификат 20000 - 50000" 70-тен аса дарынды балалар қатыстырған жетекшіге беріледі.
- "Жолдама" (келесі байқауға жетекшіге тегін жол билеті, қатысушыларға жеңілдік -10%) 3 Бас жүлде және 3-тен көп 1 орын алған ұжымдар мен қатысушыларға тиесілі.

Ұйымдастыру комитеті өтінішті 2022 жылдың 25 наурызына дейін қабылдайды!

Көрермендер кіру ТЕГІН!

ҚАТЫСУ ЖАРНАСЫ
- Жеке орындаушы - 12500 тг.
- Дуэт - 15000 тг.
- Трио - 21000 тг.
- Квартет, квинтет, малые формы - (4-5 адам) - 5 500 тг.
- Оркестр, ансамбльдер - 5000 тг. (әр қатысушыға).
- 2-мәрте қатысатын қатысушы 4500 тг.)
Байқау жарнасын төлеу, жүлделі орынға кепілдік бере алмайды.

Ескерту: келіп-кету шығынын жіберуші жақ көтереді.
Жатын орын-тамақтану-трансфер - ҚАЖЕТ болса өтініш берілгенде қоса жазылады.
Жайлы жиынтық - Комфорт пакет - БӘРІ ішінде /всё включено/ жатын орын-тамақтану-трансфер-экскусия - 45 000тг.
Эконом жиынтық /хостел/- жатын орын-трансфер - 30 000 тг.

Бізбен байланыс орнату: «Жарық жұлдыз» шығармашылық орталығы
ИИН 900913450153
СЧЕТ ИП KZ13722С000018389765
Тел: 8 771 161 70 00 (WhatsApp)
Электрондық пошта: gdshaktobe@mail.ru
instagram @jj_stars.kz

При копировании информации ссылка на art-dance.kz обязательна.
Поделись ссылкой в социальных сетях
Теги: Астана , фестивали и конкурсы в Астане , март 2022
28.03.22 | Просмотров : 1632 | ID события: 6695
Все события на март 2022 года
реклама в подвале

ПОИСК НА ПОРТАЛЕ
 
 
 
 
Свежие новости/события
 
 
 
ПОДАРИ ДЕТЯМ ЖИЗНЬ
detdom.kz

Общественный Фонд
«Добровольное Общество Милосердие»

www.detdom.kz

 
СТАТИСТИКА ПОРТАЛА
Новости ( 8 894 )
Новости (просмотры) ( 22 107 676 )
Статьи о танцах( 427 )
Тематический словарь( 56 )
Справочник по клубам( 574 )
Танцевальные коллективы( 159 )
Преподаватели( 324 )
 
Афиша ротатор
12_Shag_Vpered
100_Pro_tancy_Kz
Tancy_Jolka_Novyj_God_2024.
15_Movement_Fest
GULNAR_FEST
 
Главная Форум Регистрация Обратная связь
Идея ТОО "Аль - Capital Ltd" © 2009 - 2023 Дизайн, разработка и поддержка портала - Сергей Зайцев    Сайт создан на CMS Danneo 0.5.2
За достоверность рекламных материалов и приглашений на соревнования и другие мероприятия Танцевальный портал art-dance.kz ответственности не несет.