ПРЕСС РЕЛИЗ
Біз, композитор А.Абдинуров пен ақын-драматург Қ.Жүнісов, мемлекет және қоғам қайраткері, ақын, жазушы Сәкен Сейфуллин жайлы "Сәкен" атты опера жаздық. Ақынның күрескерлік жолы мен қилы тағдырын баяндайтын, тарихи оқиғаларға негізделген туынды елдікті, ерлікті, азаматтық пен ұлтжандылықты дәріптейді. 2 актілі шығармада ХХ ғасыр басындағы ауыр кезеңдер, тарихи сәттер көрініс табады.
Кәсіптік деңгейде жазылған «Сәкен» атты операмызды Қазақ ұлттық өнер университеті ұжымына ұсындық. Тың туынды астаналық өнер университетте 2024 жылдың 12 сәуірінде (сағат 19.00) Орган залында (Жеңіс д. 33) концерттік нұсқада сахналанады. Бұл орындаушы және көрермендердің сүйікті қойылымы әрі қазақ өнерінің кезекті жеңісі, себебі, опера өте сирек жазылатын күрделі Һәм көлемді музыкалық туынды. Әлемдік мәдениетте де алар орны алдынғы қатарда.
Мемлекеттік және қоғам қайраткері, дауылпаз ақын, жазушы-драматург, публицист, сазгер, ұлы суреткер С.Сейфуллиннің қайраткерлік жолы мен қилы тағдырын баяндайтын «Сәкен» операсы, саяси қуғын-сүргін қурбандарын мәңгі есте сақтау, тәуелсіздігіміз үшін күрескер арыстар рухына бас ию және ұлы тұлғаларымызды опера жанры арқылы әлемге таныту мақсатында жазылған.
Либретто авторы, драматург Қанат Жүнісов
Музыка авторы, композитор Алиби Абдинуров
ПРЕСС-РЕЛИЗ
Мы, композитор А. Абдинуров и поэт-драматург К. Жунисов, написали оперу «Сакен» о государственном и общественном деятеле, поэте, писателе Сакене Сейфуллине. Произведение, основанное на исторических событиях, повествующее о боевом пути и разнообразной судьбе поэта, воспевает патриотизм, храбрость, гражданственность и патриотизм. В двухактном произведении изображены сложные периоды и исторические моменты начала XX века.
Свою оперу «Сакен», написанную на профессиональном уровне, мы представили коллективу Казахского национального университета искусств. Оригинальное произведение будет показано в концертной версии столичного университета искусств 12 апреля 2024 года (19:00) в Органном зале (ул. Жениса, 33). Этот спектакль является любимцем исполнителей и зрителей и является еще одной победой казахского искусства, ведь опера - сложное и объемное музыкальное произведение, которое пишется редко. Их место - в авангарде мировой культуры.
Опера «Сакен», повествующая о творческом пути и разнообразной судьбе государственного и общественного деятеля, бурного поэта, писателя-драматурга, публициста, музыканта, великого художника С. Сейфуллина, является данью вечной памяти жертвам политические преследования, дух львов, сражавшихся за нашу независимость, и великие написанные для того, чтобы представить миру наши личности через оперный жанр.
Автор либретто, драматург Канат Жунисов
Автор музыки, композитор Алиби Абдинуров