Республикалық көп жанрлы "Қос алқа"
байқауының ережесі
Байқауды ұйымдастырушы: "Stage Stars" конкурстық ұйымдастыру комитеті
Өтетін күні: 25 қазан 2023 жыл
Өткізу уақыты: 09.00
Өтетін орны: Астана қ., Момышұлы к-сі, 5, Әл-Фараби атындағы оқушылар сарайы
Өтінімдерді қабылдау: 18.10.2023 ж. дейін
Өткізу мақсаты:
- ҚР дарынды балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық қызметін қолдау және дамыту.
- ҚР түрлі қалаларының шығармашылық ұжымдары арасында тығыз байланыс орнату.
- Балалар мен жасөспірімдердің ой-өрісі мен зияткерлік деңгейін дамыту.
- Педагогтарды кәсіби жетілдіру.
Байқауға қатысу:
Байқауға мәдениет мекемелерінің, білім беру және қосымша білім беру ұйымдарының шығармашылық ұжымдары мен жекелеген орындаушылары: балабақшалар, өнер мектептері, музыкалық мектептер, оқушылар сарайлары, аула клубтары және т. б. қатыса алады.
Қатысушылардың жасы 3-30 жас және одан жоғары.
Номинациялар:
Вокалдық өнер: академиялық, халықтық, эстрадалық, вокалдық-аспаптық ансамбль, хор әні. "Плюс" фонограммасымен айтуға тыйым салынады
Хореографиялық өнер: классикалық, спорттық-балдық, эстрадалық, балалар, халықтық, халықтық стильдендірілген және заманауи би түрлері.
Аспаптық өнер: фортепиано, жалпы фортепиано, ішекті және шекпелі аспаптары, үрмелі аспаптар, халықтық аспаптар, ұрмалы аспаптар.
Актерлік шеберлік: көркем сөз, театрландырылған қойылымдар, көріністер, пантомима, сайқымазақ, фокустар. Ұзақтығы 5 минут.
Жанғыш заттар мен өткір заттарды қолдануға тыйым салынады.
Жас санаттары:
- мектепке дейінгі жас санаты-3-5 жас;
- кіші жас санаты-6-7 жас;
- орташа жас санаты-8-10 жас;
- аға жас санаты-11-13 жас;
- 1-ші ересек жас санаты-14-16 жас;
- 2-ші ересек жас санаты - 17-19 жас;
- 3-ші ересек жас санаты-20 және одан жоғары;
- Аралас жас санаты
Байқаудың қазылар алқасы. Бағалау. Қазылар алқасының құрамы шығармашылық ұжымдардың тәжірибелі басшыларынан, мәдениет және өнер қайраткерлерінен, қоғам қайраткерлерінен құралады.
Қатысушылардың конкурстық қойылымдары жалпы қабылданған критерийлер бойынша бағаланады: техникалық шеберлік (сәйкесінше номинациялар), әртістік, репертуардың жасына сәйкестігі, көркемдік бейнені ашу. Қазылар алқасының шешімі түпкілікті болып табылады және қайта қарауға жатпайды.
Марапаттау.
Гран-При - әр қатысушыға дипломдар мен медальдар, ұжымға "Гран-При" кубогы.
- Лауреаттарға (ұжымдарға) - әр қатысушыға диплом және медаль, ұжымға "Лауреат I, II, III" кубоктары
- Лауреаттарға (дуэт, трио) - әр қатысушыға диплом және медаль, ұжымға "Лауреат I, II, III" кубоктары
- Лауреаттарға (жеке) - диплом, медаль және жеке кубок.
Барлық жетекшілерге алғыс хаттар беріледі.
Қатысу ережелері:
Өнер көрсету уақыты, концерттік алаңдар, конкурс бағдарламасы конкурстың Ұйымдастыру комитетімен бекітіледі және жекелеген қатысушылар үшін қайта қарауға жатпайды.
- Репертуар бойынша өзгерістер және қатысудан бас тарту өтінімдері болса, жазбаша хабарлама түрінде байқау басталғанға дейін 7 күннен кешіктірілмей электрондық мекенжай бойынша қабылданады: stagestar22@mail.ru.
- Байқаудың басталуына 7 күн қалған жағдайда байқауға қатысудан бас тартса ұйымдастыру жарнасы қайтарылмайды
- Байқауға қатысушылар мен басшылардың осы байқауға қатысуы Ереженің барлық тармақтарымен сөзсіз келісетінін білдіреді. Ұйымдастыру комитетіне қатысты барлық шағымдар мен тілектер тек жазбаша түрде қабылданады.
- Байқауға қатысушылар туралы мәліметтерді (көркемдік жетекшінің толық аты-жөні, оқу орны мен елді мекеннің атауы) дипломдар мен сертификаттарға өтінімдер негізінде енгізіледі.
- Қатысушылардың сахнаға шығу дайындығы 2 нөмір бұрын жүргізіледі
- Өтінімде техникалық және музыкалық жабдықтардың тізімі (конкурстық қойылымдар үшін қажетті) көрсетілуі тиіс.
- Ұйымдастырушы техникалық жабдықты толық орындаудан бас тарту құқығын өзіне қалдырады.
- Туындыларды көпшілік алдында орындау, фонограммаларды жаңғырту, фондық видеоны көрсету (авторлардың рұқсаты) үшін барлық жауапкершілікті Орындаушы көтереді.
- Конкурстық қойылымдардың сюжеттік-тақырыптық негізі, музыкалық және драмалық материалдар, костюмдер, сахналық қимылдар қатаң түрде қатысушылардың жасына сәйкес келуі тиіс. -Байқауға қатысушылардың орындайтын шығармаларының мәтіндерінде орынсыз, дөрекі сөздер мен сөз тіркестері болмауы тиіс.
- MP3 форматындағы музыкалық сүйемелдеуді өтініммен бірге электрондық поштаға жіберу керек.
Қатысушылар үшін жарналардың құны:
- Жеке орындаушылар - 15 000 теңге
- Дуэт, трио - 8 000 теңге
- Ұжым 4-8 қатысушыдан - 6000 теңге (бір адамға)
- Ұжым 9 және одан да көп қатысушы - 5000 теңге (бір адамға)
- Екінші және одан кейінгі нөмірлер - негізгі жарнадан 2000 т. алынады
Көрермендер залына кіру ақылы - 1000 т. Билеттерді ұйымдастырушылардан алдын ала немесе конкурс өткізу кезеңінде кіре берісте сатып алуға болады. Өтінімде көрсетілген ұжымдардың қатысушылары мен басшылары үшін кіру тегін.
Қатысу үшін алдын ала төлем өтінімдерді қабылдау тоқтатылған күннен кешіктірілмей жіберілуі тиіс.
Назар аударыңыз! Қатысушы байқауға қатыспаған жағдайда ақша қаражаты. ҚАЙТАРЫЛМАЙДЫ! Байқауға өтінім берген басшы мен қатысушылар Ереженің барлық тармақтарымен автоматты түрде келіседі.
Назар аударыңыз! Байқауға қатысуш этикасы. МАҢЫЗДЫ!!!
Барлық ережелерді сақтаңыз
Байқауға қатысушылар өзін абыроймен ұстап, қарсыластарына мейірімді болуы керек. Мұғалімдерге құрметпен қарап, теріс пікірлерден аулақ болуы керек.
Байқау кезінде топ мүшелері мен олардың ата-аналары үшін басшылар толық жауап береді!
Дұрыс емес мінез-құлық көрсеткен жағдайда ұпайлары төмендетіледі.
Құрметпен: Астана қ. "Stage Stars" байқауының ұйымдастыру комитеті
Email: stagestar22@mail.ru
Ұйымдастырушылардың байланыс телефондары: +7 775 485 09 83, +7 775 300 19 71
Положение
Республиканского многожанрового конкурса «Қос алқа»
Организатор конкурса: Конкурсный оргкомитет “Stage Stars”
Дата проведения: 25 октябрь 2023 г.
Время проведения: 09.00
Место проведения: г. Астана, ул.Момышұлы 5, Дворец школьников им.Аль-Фараби.
Прием заявок: до 18.10.2023г.
1. Наши цели:
- Поддержка и развитие творческой деятельности талантливых детей и подростков РК.
- Установление тесных контактов между творческими коллективами из разных городов РК.
- Развитие кругозора и интеллектуального уровня детей и подростков.
- Профессиональное совершенствование педагогов.
2. Участие в конкурсе
В конкурсе могут принимать участие творческие коллективы и отдельные исполнители учреждений культуры, организации образования и дополнительного образования: детские сады, школы искусств, музыкальные школы, дворцы школьников, дворовые клубы и т.д.
Возраст участников от 3 - 30 лет и старше.
3. Номинации
Вокальное искусство: академическое, народное, эстрадное, вокально-инструментальный ансамбль, хоровое пение.
Запрещается выступать под фонограмму «плюс»
Хореографическое искусство: классический, спортивно-бальный, эстрадный, детский, народный, народно-стилизованный и современные виды танцев.
Инструментальное искусство: фортепиано, общее фортепиано, струнные и щипковые инструменты, духовые инструменты, народные инструменты, ударные инструменты.
Актерское мастерство: художественное слово, театральные постановки, сценки, пантомима, клоунада, фокусы. Продолжительность не более 5 мин. Запрещается использовать легко воспламеняющие вещества и острые предметы.
4. Возрастные категории
- дошкольная возрастная категория - 3-5 лет;
- младшая возрастная категория - 6-7 лет;
- средняя возрастная категория - 8-10 лет;
- старшая возрастная категория - 11-13 лет;
- 1-я взрослая возрастная категория - 14-16 год;
- 2-я взрослая возрастная категория - 17-19 лет;
- 3-я взрослая возрастная категория - 20 лет и старше;
- Смешанная возрастная категория
5. Жюри конкурса. Оценивание. Состав жюри формируется из опытных руководителей творческих коллективов, деятелей культуры и искусств, общественных деятелей.
Конкурсные выступления участников оцениваются по общепринятым критериям: техническое мастерство (соответственно номинации), артистизм, соответствие репертуара возрасту, раскрытие художественного образа. Решение жюри является окончательным и пересмотру не подлежит.
6. Награждение.
Гран-При - дипломы и медали каждому участнику, кубок «Гран-При» коллективу.
- Лауреатам (коллективам) - диплом и медаль каждому участнику, кубок «Лауреат I, II, III» коллективу.
- Лауреатам (дуэт, трио) - диплом и медаль каждому участнику, кубок «Лауреат I, II, III» коллективу.
- Лауреатам (соло) - диплом, медаль и кубок индивидуально.
Всем руководителям вручаются благодарственные письма.
7. Правила участия: Время выступлений, концертные площадки, программа конкурса утверждается оргкомитетом конкурса и не подлежат пересмотру для отдельных участников.
- Изменения по репертуару и отказ от участия, после подачи заявок, принимаются не позднее, чем за 7 дней до начала конкурса, путем письменного уведомления по электронному адресу: stagestar22@mail.ru.
- В случае отказа от участия на конкурсе позже 7 дней до начала проведения конкурса, организационный взнос не возвращается.
- Участие в конкурсе подразумевает безусловное согласие конкурсантов и руководителей со всеми пунктами данного положения. Все претензии и пожелания в адрес оргкомитета принимаются только в письменном виде.
- Сведения об участниках конкурса (включая Ф.И.О. художественного руководителя, название учебного заведения и населенного пункта) заносятся в дипломы и сертификаты на основании Заявки.
- Вход участников за кулисы производится за 2 номера до выступления
- Перечень технического и музыкального оборудования (необходимого для конкурсных выступлений) должен быть указан в Заявке.
- Организатор оставляет за собой право отказать в полном выполнении технического оборудования.
- Всю ответственность за публичное исполнение произведений, воспроизведение фонограмм, демонстрацию фонового видео ряда (разрешение авторов) несет исполнитель
- Сюжетно-тематическая основа конкурсных выступлений, музыкальный и драматургический материал, костюмы, сценические движения и жесты должны строго соответствовать возрасту выступающих. Тексты исполняемых произведений не должны содержать неприемлемые, вульгарные конкурсантам слова и выражения.
- Музыкальное сопровождение формата MP3 следует выслать за ранее на электронную почту вместе с заявкой.
8. Стоимость взносов для участников:
- Солисты - 15 000 тенге
- Дуэт, трио - 8 000 тенге
- Коллектив от 4 - 8 участников - 6000 тенге (с человека)
- Коллектив 9 и более участников - 5000 тенге (с человека)
- Второй и последующие номера - минус 2000 тенге от основного взноса.
Вход в зрительный зал платно - 1000 т. Билеты можно приобрести заранее у организаторов или на входе в период проведения конкурса. Для участников и руководителей коллективов указанных в заявке, вход бесплатно.
Предоплата за участие должна быть внесена не позднее даты закрытия приема заявок.
ВНИМАНИЕ: В случае неявки участника на конкурс денежные средства НЕ ВОЗВРАЩАЮТСЯ ! Подав заявку на конкурс, руководитель и участники автоматически соглашаются со всеми пунктами положения.
Внимание! Этика поведения. ВАЖНО!!! Соблюдать все правила
Конкурсантам следует вести себя с достоинством, быть доброжелательными к своим соперникам, относится с уважением к педагогам, воздерживаться от некорректных комментариев.
Руководители несут полную ответственность за членов группы во время конкурса и их родителей!
Неадекватное поведение - снижает баллы!
C уважением, оргкомитет международного конкурса “Stage Stars” г. Астана
Email: stagestar22@mail.ru
Контакты организаторов: +7 775 485 09 83, +7 775 300 19 71