Халықаралық өнер байқауы
«ДАРЫНДЫ ЖҰЛДЫЗДАР»
Жүлде қоры 500.000 теңге
Өтетін орны: 20 - қыркүйек 2025 ж., ТҮРКІСТАН қаласы
Адрес: Оқушылар сарайы, 162 квартал, 18а
Өтінімдер 8 - қыркүйекке дейін қабылданады.
Байқаудың мақсаты:
- Елімізде 2023-2025 жылдарға арналған «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы іске асырылуда. Бұл құжат жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде өскелең ұрпақты тәрбиелеу сапасын арттыруға бағытталған.
- Білім беру ұйымдарындағы сынып сағаттарының және мектептен, сыныптан тыс әлеуметтік тәжірибелер арқылы дарытудың әдіс-тәсілдерін меңгеріп, өзара пікір алмасып, ойларын ортаға салып, ертеңгі ұрпақты жан-жақты үйлесімді дамыған тұлға етіп тәрбиелеу.
- Байқаудың салауатты рухын қалыптастыру.
- Балалар шығармашылық ұжымдарының дамуын ынталандырады.
- Балалар ұжымдары арасында шығармашылық байланыстар орнату.
Байқау төмендегі жанрларды қамтиды:
- Хореография жанры
- Аспапта орындау жанры
- Бейнелеу өнері және қолөнер
- Вокал өнері
- Көркемсөз
Жүлде қоры 500.000 теңге
ХОРЕОГРАФИЯ номинациясына Үлкен отбасы (100 баладан жоғары)
Үлкен отбасы 70 000 теңге
Үлкен отбасы 70 000 теңге
Үлкен отбасы 70 000 теңге
“Үздік қазақ би қойылымы” 20 000 теңге
“Үздік халық-сахналық би қойылымы” 20 000 теңге
“Үздік эстрадалық би қойылымы” 20 000 теңге
“Үздік заманауи би қойылымы” 20 000 теңге
“Үздік сахналық костюм” 20 000 теңге
“Үздік балалар биі” 20 000 теңге
“Көрермен көзайымы” 20 000 теңге
“Үздік хореографиялық би қойылымы” 20 000 теңге
«Аспапта орындау» Үлкен отбасы (60 баладан жоғары) 30 000 теңге
“Үздік инструменталдық ансамбль” 20 000теңге
“Үздік инструменталдық ансамбль” 20 000теңге
“Үздік бейнелеу өнері” 20 000теңге
“Үздік вокал өнері” 20 000теңге
“Үздік көркемсөз өнері” 20 000теңге
Ақшалай сыйлықтар байқауға 100 қатысушы номер жиналса ақшалай сертификаттар жетекшіге табысталады!
Гран При иегерлеріне
Түркия мемлекті Стамбул, қаласына және Өзбекстан мемлекеті Ташкент қаласы, Біріккен Араб Әмірліктері Дубай қаласында, өтетін фестиваль-байқауларына жолдама!
Байқауды өткізу тәртібі мен шарттары:
Регламент (музыка ұзақтығы) 3 минуттан аспауы тиіс!
Хореография жанры (жеке және топтық би ұжымдары) еркін тақырыптағы бір биін ұсынады. (қазақ, заманауи, классикалық, халықтық, эстрадалық билер және т.б)
Аспапта орындау жанры (еркін тақырыпта домбыра, баян, қобыз, скрипка,үрмелі аспаптар)
Вокал өнері (еркін тақырыпта 1 ән орындау, жанды дауыста минусовкамен)
Бейнелеу өнері және қолөнері (еркін тақырыпта А3, А2 форматында дайын жұмысты алып келу, тақырыбы бойынша қорғау)
Көркемсөз жанры (еркін тақырыпта өз өнерін көрсету)
Байқаудың жас ерекшеліктері:
Мектепке дейінгі топ 3-6 жас
Кіші топ 7-9 жас
Орта топ 10-14 жас
Үлкен топ 15-18 жас
Әр номинация бойынша топтық және ансамбльдерге
Гран при
I орын
II орын
III орын
Диплом, кубоктармен марапатталады. Әр қатысушыға жеке диплом мен медаль, жетекшіге алғыс хат және сыйлық табысталады.
Жеке қатысушыларға Гран при, I орын, II орын диплом және медаль, статуеткамен марапатталады.
Байқау жарнасы
Жеке 20 000
Дуэт 30 000
Трио 40 000
Квартет 50 000
Ансамбль әр қатысушыға (12 - баладан жоғары) 6500 теңге
(Ансамбль 6-12 балаға дейін 8000 теңге)
Залға кіру ақылы, билет құны 2000 теңге. Билеттерді алдын ала жетекшілердің тапсырмасымен броньдаймыз.
Ұйымдастырушылардың талаптарымен ескертулері Жетекшілерге және ата-аналарға арналады.
Өнер байқауының ережелерімен толықтай танысып, болған соң өтінімдер қабылданады.
- Ұжым жетекшісі және ата-аналар өнер байқауына қатысушыларға және ұжымға толық жауапты!
- Ашық от пен суды сахнада пайдалануға болмайды!
- Сахнаны ластайтын жылтыр заттарды шашуға, атуға болмайды!
- Сахна мәдениетін ұстану барлық байқауға қатысушы өнерлі балалар, ата - аналар, жетекшілерге қатысты.
- Сахнада өнер көрсетіп жатқан (қатысушыларға, топ, ансамбльдерге кедергі жасауға, сахнада өнер көрсетіп жатқан кезде сахна үстіне шығып,мәдениетсіздік танытуға, сахнаның артқы жағына өтемін деген деген жетекшілер, ата - аналар, балалар сахнаға шығып кедергі жасауға тыйым салынады.
- Сахнада өнер байқауы басталған уақыттан әділ -қазы алқаларының алдынан кесіп өтуге тыйым салынады.
- Сахнада байқауға қатысушылар өнер (шығармаларын) 1-рет ғана көрсете алады, берілген кесте бойынша.
- Саханада өнер көрсетіп жатқан балаларды видео -фотоға түсіруге сол топтан немесе ансамбілден 1-ғана адам түсіруге болады.
- Байқау ұйымдастырушыларына келеңсіздік тудырып, (дөрекі сөйлеп, мәдениетсіздік танытқан жетекшілер,
- ата-аналар байқаудан шегеріледі.
- Байқау өтетін орында мәдениетті болып, сахна мәдениетін сақтаймыз. Басқада өнер жетекшілерімен, ата-аналармен сөзге келіп дауласу, ұрыс шығарып, шу көтерген жағдайда жәнеде өзіңізден қалған қоқысты арнайы қоқыс жәшігіне тастамау (осы жағдайлар орын алса) Камера арқылы қаралып штраф салынатын болады.
- Байқау өтетін орында, мәдениет сахнасында орналасқан заттарды, мекемеге тиісті бағалы заттарды ұстауға, ұрлауға, сындыруға музыкалық аппаратураны түртуге тыйым салынады.
- Назар аударыңыз. Ұйымдастырушылар байқауға қатысушылардың құнды заттарының жоғалуына жауап бермейді. Абай болыңыздар!
- Байқауға келмеген жағдайда қатысу жарнасы қайтарылмайды!
- Барлық дипломдар өтінішке сай толтырылады.
- Әр номинацияға өтініш бөлек толтырылады. Дипломды қосымша шығару (өтінім беру кезінде қателік кеткен жағдайда немесе қосымша алғыс хат шығару бойынша диплом бағасы 500 теңге.
- Өтінімді дұрыс және қатесіз толтыру (қосымша қаражат төлеуді қажет етпейді)
- Залға кіру ақылы, билет құны 2000 теңге. Билеттерді алдын ала жетекшілердің тапсырмасымен броньдаймыз.
- Өтініш пен музыканы электронды почтада қабылдаймыз.
- Өтінімдер ережеде көрсетілген уақытқа дейін қабылданады, өтінім кеш келген жағдайда байқауға қатысу қарастырылмайды.
- Байқауға өтініш беру, байқау талаптарымен толық келісу.
Байқаудың ерекшеліктері:
Кәсіби қазылар алқасы. Әділ қазылар алқасы шешімі өзгертілмейді және талқыланбайды!
Қосымша ақпарат
Залды жалға алу
Қазылар алқасының гонорары
Марапаттар
Дыбыс,жарық,лэд экран, қызметкерлердің жұмысы
Жүргізушілермен ұйымдастыру тобының шығындары.
Өтініш пен музыканы daryndy_zhuldizdar@mail.ru электронды почтада қабылдаймыз. Өтінімдер 8-қыркүйекке дейін қабылданады.