Главная festivali.kz Регистрация Обратная связь


Регистрация в справочнике О проекте art-dance.kz
 
КАТЕГОРИИ НОВОСТЕЙ
Концерты, балет, вечеринкиМастер-классыФестивали, конкурсы
 
 
 
 
« Фев.2025»
Пн.Вт.Ср.Чт.Пт.Сб.Вс.
     12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728  
 
МЫ ВКОНТАКТЕ
 
г. Астана
 
 
НАША БОЛЬШАЯ КНОПКА


Поддержите проект art-dance.kz!
Разместите нашу кнопку на своем ресурсе.

код кнопки:
 
Яндекс - Виджет

Танцевальные события

Удобный способ получать последние новости о танцевальных событиях в Казахстане от art-dance.kz.

добавить на Яндекс
 
Афиша ротатор
9_TURAN_IAF
Astana Stars
5_BONANZA
Jas_daryn
5+1
 
Архив новостей:
2009/ 10/ 11/ 12/ 13/ 14/ 15/ 16/ 17/ 18/ 19/ 20/ 21/ 22/ 23/ 2024
Предстоящие фестивали, конкурсы, турниры:

Халықаралық хореографиялық байқауы «Bi Alemi»

Халықаралық хореографиялық байқауы
«Bi Alemi»
Қ А Ғ И Д А С Ы

Ұйымдастырушылар: Star Project Kz
Ақпараттық демеуші: www.art-dance.kz би порталы

Өтетін уақыты: 29 маусым 2024 жыл
Басталуы: сағат 09.00 - де
Өтетін орны: Шымкент қ., Асқаров көш.43/2, Шымкент қалалық «Опера және балет театры»
қабылдау мерзімі: 2024 жылғы 20 маусымға дейін. Өтінімдер мен төлемдерді akma_sultan@mail.ru

Концерт залына кіру билет 1000 тг. Билеттерді кассадан сатып аламыз

Жүлде қоры: 500.000 теңге!
Бас жүлде, I-орын, II-орын, әр балаға медаль және диплом беріледі.

Жетекшілер алғыс хаттар мен ескерткіш сыйлықтармен марапатталады.

Жалпы ережелер
1) Номинациялар:

- Қазақ биі (сахналық-халық биі, характерлі-халық биі, заманауи қазақ биі);
- Классикалық би (классикалық биді стилизациялау);
- Халық билері (сахналанған халық биі, характерлі-халық биі, заманауи халық биі);
- Эстрадалық би;
- Эстрада-спорттық би;
- Балалар биі;
- Көше биі;
- Би театры;
- Заманауи хореографияның барлық түрлері.

2) Жас ерекшеліктері:
3-5 жас;
6-9 жас;
10-12 жас;
13-15 жас;
16-25 жас;
Аралас топтар.
Жас мөлшері түрлі болған жағдайда, орташа жас мөлшерін анықтау кезінде 25 %-дан аспаған жағына қарай шешіледі.

Марапаттау
Жүлде қоры 500.000 теңге:

Ең үздік Қазақ биі - (50.000 теңге ақшалай сыйлық)
Ең үздік Халық биі - (50.000 теңге ақшалай сыйлық)
Ең үздік Эстрадалық биі - (50.000 теңге ақшалай сыйлық)
Ең үздік Заманауи биі - (50.000 теңге ақшалай сыйлық)
«Үлкен отбасы» жүлдесі - (50.000 теңге ақшалай сыйлық және ең үлкен кубок 100 қатысушы)
Ең үздік жетекші жүлдесі - ДУБАЙ-ға жолдама

Қазылар алқасы
Қатысушылардың өнері кәсіби мамандардан құралған қазылар алқасының жабық дауыс беруі арқылы бағаланады.
Қазылар алқасының құрамында өнер саласының тәжірибелі мамандары, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері болады.

Қатысушылардың өнері төмендегі критерийлер бойынша бағаланады:
- артистизм;
- орындау техникасы;
- музыкалық безендіруі;
- қойылымның композициясы;
- эстетикасы;
- көркем талғамы;
- ұжымның жұмыс әдісі.

Қазылар алқасының шешімі түпкілікті болып саналады және талқыланбайды, қайта қаралмайды!

Техникалық талаптар
Әр ұжым ұзақтығы 4 минуттан аспайтын, соло 2-3 минуттық 1-2 номер ұсынады. Фонограмма МР3 форматта қабылданады.

Байқауға қатысу жарнасы (бір би үшін):
Соло - 14.000 теңге
Дуэт, трио, квартет - 8.000 теңге
Топ 6 қатысушыға дейін - 5.000 теңге
Топ 6 қатысушыдан жоғары 4.500 теңге
Кэшбэк әр қатысушыдан 500 теңге жетекшіге
Ақшалай сыйлық 50 номерден кем болмауы керек, 50 номер жиналмаса ақшалай сыйлық берілмейді

Байқауға келмей қалған жағдайда, қатысу жарнасы қайтарылмайды!

Қатысу (ұйымдастыру) жарнасына концерт залының жалға алуы, дыбыс режиссерінің қызметі, кәдесый, баспахана өнімдері, залды безендіруі, қазылар алқасының төлемі кіреді.

Жалпы талаптар
1) Байқаудың дайындығы, ұйымдастыруы мен өткізуді ұйымдастыру алқасы іске асырады;
2) Байқауда жас ерекшелігі бойынша топтардың сахнаға шығу реттілігі алдын-ала жасалынған регламенттке байланысты іске асырылады. Конкурстық нөмірлердің уақыты (тайминг) байқауға өтінімдер толық қабылданып болғаннан кейін жасалады.
3) Ұйымдастырушылар байқауды өткізу шарттарын өзгертуге, қағидаға толықтырулар енгізуге құқылы. Ұйымдастырушыларға қатысы жоқ себептерге байланысты өткізу орны өзгеруі мүмкін.
4) Ұйымдастыру алқасы байқау кезіндегі қорытынды аудио, бейне материалдарды, баспахана өнімдерін қолданып, таратуға құқылы.
5) Репертуарды байқаудың басталуына 7 күн қалғанға дейін өзгертуге болады.
6) Қатысушылар, педагогтар, ата-аналар дұрыс емес мінез-құлық көрсетіп, ұйымдастырушылар мен қазылар алқасына сыйластық танытпай, дөрекілік көрсеткен жағдайда байқауға қатыстырылмайды және қатысу жарнасы қайтарылмайды.
7) байқау кезінде жоғалған заттар үшінұйымдастыру алқасы жауап бермейді, қатысушылардың себебінен заттар мен мүліктерге зиян келген жағдайда шығын қатысушылар есебінен өтелетін болады.
8) Ұйымдастыру алқасы өзі ұйымдастырып отырған байқауға себебін түсіндірместен өтінім қабылдамауға құқылы.
9) Қатысушылар қажетті мөлшерде жиналмаған жағдайда байқау өткізілмейді немесе өткізу мерзімі кейінге шегерілуі мүмкін.
10) Байқауға қатысу - қатысушының осы Қағиданың шарттарымен келіскендігін білдіреді.

Өтінім беру беру тәртібі:
Байқауға қатысу үшін Өтінімдермен фонограмма 2024 жылғы 20 маусымға дейін akma_sultan@mail.ru электронды мекен-жайында қабылданады.
Фонограммасыз Өтінімдер қабылданбайды!

Қосымша ақпарат:
Байқау күндері балалардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне би ұжымдарының жетекшілері мен делегацияға еріп жүретін адамдар толық жауапты.

Байланыс телефондары: +77075971057, +77024245835
Өтінімдер мен төлемдерді akma_sultan@mail.ru

При копировании информации ссылка на art-dance.kz обязательна.
Поделись ссылкой в социальных сетях
Теги: Шымкент , фестивали и конкурсы в Шымкенте , июнь 2024
29.06.24 | Просмотров : 567 | ID события: 8520
Все события на июнь 2024 года
23.06.24, Вс
Алаколь ФЕСТ
реклама в подвале

ПОИСК НА ПОРТАЛЕ
 
 
 
 
Свежие новости/события
 
 
 
ПОДАРИ ДЕТЯМ ЖИЗНЬ
detdom.kz

Общественный Фонд
«Добровольное Общество Милосердие»

www.detdom.kz

 
СТАТИСТИКА ПОРТАЛА
Новости ( 9 186 )
Новости (просмотры) ( 22 831 744 )
Статьи о танцах( 427 )
Тематический словарь( 56 )
Справочник по клубам( 574 )
Танцевальные коллективы( 159 )
Преподаватели( 323 )
 
Афиша ротатор
j j dance
104
101
Dance_Time
GULNAR_FEST
 
Главная Форум Регистрация Обратная связь
Идея ТОО "Аль - Capital Ltd" © 2009 - 2023 Дизайн, разработка и поддержка портала - Сергей Зайцев    Сайт создан на CMS Danneo 0.5.2
За достоверность рекламных материалов и приглашений на соревнования и другие мероприятия Танцевальный портал art-dance.kz ответственности не несет.