Stage Stars - орг. комитет фестивального движения
Республикалық көпжанрлы "Алтын Ұрпақ" байқауының ережесі
Байқауды ұйымдастырушы: "Stage Stars" фестиваль ұйымдастыру комитеті
Өтетін орны: 25.03.2026 ж., Түркістан қ., Оқушылар сарайы. 160-й квартал, 18а.
Өткізу уақыты: 09.00
Өтінімдерді қабылдау: 17.03.2026 ж. дейін
1. Өткізу мақсаты:
- ҚР дарынды балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық қызметін қолдау және дамыту.
- ҚР түрлі қалаларының шығармашылық ұжымдары арасында тығыз байланыс орнату.
- Балалар мен жасөспірімдердің ой-өрісі мен зияткерлік деңгейін дамыту.
- Педагогтарды кәсіби жетілдіру.
2. Байқауға қатысу:
Байқауға мәдениет мекемелерінің, білім беру және қосымша білім беру ұйымдарының шығармашылық ұжымдары мен жекелеген орындаушылары: балабақшалар, өнер мектептері, музыкалық мектептер, оқушылар сарайлары, аула клубтары және т.б. қатыса алады. Қатысушылардың жасы 3-30 жас және одан жоғары.
3. Номинациялар:
Вокалдық өнер: академиялық, халықтық, эстрадалық, вокалдық-аспаптық ансамбль, хор әні. "Плюс" фонограммасымен айтуға тыйым салынады
Аспаптық өнер: фортепиано, жалпы фортепиано, ішекті және шекпелі аспаптары, үрмелі аспаптар, халықтық аспаптар, ұрмалы аспаптар.
Хореографиялық өнер: классикалық, спорттық-балдық, эстрадалық, балалар, халықтық, халықтық стильдендірілген және заманауи би түрлері.
Актерлік шеберлік: көркем сөз, театрландырылған қойылымдар, көріністер, пантомима, сайқымазақ, фокустар. Ұзақтығы 5 минуттантан аспау керек.
Жанғыш заттар мен өткір заттарды қолдануға тыйым салынады.
Бейнелеу өнері (онлайн): графика, кескіндеме. Қатысушыдан-А3 форматында 1 жұмыс. Жұмыс 2026 жылдың 17 наурызына дейін ұсынылуы керек.
4. Жас санаттары:
- мектепке дейінгі жас санаты-3-5 жас;
- кіші жас санаты - 6-7 жас;
- орташа жас санаты - 8-10 жас;
- аға жас санаты - 11-13 жас;
- 1-ші ересек жас санаты - 14-16 жас;
- 2-ші ересек жас санаты - 17-19 жас;
- 3-ші ересек жас санаты - 20 және одан жоғары;
- Аралас жас санаты
5. Байқаудың қазылар алқасы. Бағалау.
Қазылар алқасының құрамы шығармашылық ұжымдардың тәжірибелі басшыларынан, мәдениет және өнер қайраткерлерінен, қоғам қайраткерлерінен құралады.
Қатысушылардың конкурстық қойылымдары жалпы қабылданған критерийлер бойынша бағаланады: техникалық шеберлік (сәйкесінше номинациялар), әртістік, репертуардың жасына сәйкестігі, көркемдік бейнені ашу. Қазылар алқасының шешімі түпкілікті болып табылады және қайта қарауға жатпайды.
6. Марапаттау.
Бас Жүлде - әр қатысушыға дипломдар мен медальдар, ұжымға "Бас жүлде" кубогы.
- Лауреаттарға (ұжымдарға) - әр қатысушыға диплом және медаль, ұжымға "Лауреат I, II, III" кубоктары
- Лауреаттарға (дуэт, трио) - әр қатысушыға диплом және медаль, ұжымға "Лауреат I, II, III" кубоктары
- Лауреаттарға (жеке) - диплом, медаль және жеке кубок.
Барлық жетекшілерге - Алғыс хат беріледі.
7. Қатысу ережелері:
- Өнер көрсету уақыты, концерттік алаңдар, конкурс бағдарламасы конкурстың-ұйымдастыру комитетімен бекітіледі және жекелеген қатысушылар үшін қайта қарауға жатпайды.
- Репертуар бойынша өзгерістер және қатысудан бас тарту өтінімдері болса, жазбаша хабарлама түрінде байқау басталғанға дейін 7 күннен кешіктірілмей электрондық мекенжай бойынша қабылданады: StageStars@mail.ru
- Байқаудың басталуына 7 күн қалған жағдайда байқауға қатысудан бас тартса ұйымдастыру жарнасы қайтарылмайды
- Байқауға қатысушылар мен басшылардың осы байқауға қатысуы Ереженің барлық тармақтарымен сөзсіз келісетінін білдіреді. Ұйымдастыру комитетіне қатысты барлық шағымдар мен тілектер тек жазбаша түрде қабылданады.
- Байқауға қатысушылар туралы мәліметтерді (көркемдік жетекшінің толық аты-жөні, оқу орны мен елді мекеннің атауы) дипломдар мен сертификаттарға өтінімдер негізінде енгізіледі.
- Қатысушылардың сахнаға шығу дайындығы 2 нөмір бұрын жүргізіледі
- Өтінімде техникалық және музыкалық жабдықтардың тізімі (конкурстық қойылымдар үшін қажетті) көрсетілуі тиіс.
- Ұйымдастырушы техникалық жабдықты толық орындаудан бас тарту құқығын өзіне қалдырады.
- Туындыларды көпшілік алдында орындау, фонограммаларды жаңғырту, фондық видеоны көрсету (авторлардың рұқсаты) үшін барлық жауапкершілікті Орындаушы көтереді.
- Конкурстық қойылымдардың сюжеттік-тақырыптық негізі, музыкалық және драмалық материалдар, костюмдер, сахналық қимылдар қатаң түрде қатысушылардың жасына сәйкес келуі тиіс.
- Байқауға қатысушылардың орындайтын шығармаларының мәтіндерінде орынсыз, дөрекі сөздер мен сөз тіркестері болмауы тиіс.
- MP3 форматындағы музыкалық сүйемелдеуді өтініммен бірге электрондық поштаға жіберу керек.
8. Қатысушылар үшін жарналардың құны:
- Жеке орындаушылар - 18 000 теңге
- Дуэт, трио - 10 000 теңге
- Ұжым 4-8 қатысушыдан - 8000 теңге (бір адамға)
- Ұжым 9 және одан да көп қатысушы - 7000 теңге (бір адамға)
Қатысушылар байқау ақысын өтінімдерді қабылдау тоқтатылған күннен кешіктірмей жіберу тиіс.
9. Көрермендер залына кіру - тегін.
10. Назар аударыңыз! Қатысушы байқауға қатыспаған жағдайда ақша қаражаты ҚАЙТАРЫЛМАЙДЫ! Байқауға өтінім берген басшы мен қатысушылар Ереженің барлық тармақтарымен автоматты түрде келіседі.
МАҢЫЗДЫ!!!
- Барлық ережелерді сақтаңыз
- Байқауға қатысушылар өзін абыроймен ұстап, қарсыластарына мейірімді болуы керек.
- Мұғалімдерге құрметпен қарап, теріс пікірлерден аулақ болуы керек.
- Байқау кезінде топ мүшелері мен олардың ата-аналары үшін басшылар толық жауап береді!
- Дұрыс емес мінез-құлық көрсеткен жағдайда ұпайлары төмендетіледі.
Положение
Республиканского многожанрового конкурса «Алтын Ұрпақ»
Организатор конкурса: Фестивальное движение “Stage Stars”
Дата проведения: 25.03.2026 ж.
Время проведения: 09.00
Место проведения: г. Туркестан, Дворец школьников, 160-й квартал, 18а.
Прием заявок: до 17.03.2026ж.
1. Наши цели:
- Поддержка и развитие творческой деятельности талантливых детей и подростков РК.
- Установление тесных контактов между творческими коллективами из разных городов РК.
- Развитие кругозора и интеллектуального уровня детей и подростков.
- Профессиональное совершенствование педагогов.
2. Участие в конкурсе
В конкурсе могут принимать участие творческие коллективы и отдельные исполнители учреждений культуры, организации образования и дополнительного образования: детские сады, школы искусств, музыкальные школы, дворцы школьников, дворовые клубы и т.д.
Возраст участников от 3-30 лет и старше.
3. Номинации
Вокальное искусство: академическое, народное, эстрадное, вокально-инструментальный ансамбль, хоровое пение. Запрещается выступать под фонограмму «плюс»
Хореографическое искусство: классический, спортивно-бальный, эстрадный, детский, народный, народно-стилизованный и современные виды танцев.
Инструментальное искусство: фортепиано, общее фортепиано, струнные и щипковые инструменты, духовые инструменты, народные инструменты, ударные инструменты.
Актерское мастерство: художественное слово, театральные постановки, сценки, пантомима, клоунада, фокусы. Продолжительность не более 5 мин. Запрещается использовать легковоспламеняющие вещества и острые предметы.
Изобразительное искусство (онлайн): графика, живопись. С участника - 1 работа в формате А3. Работу необходимо предоставить до 17-го марта 2026 г.
4. Возрастные категории
- дошкольная возрастная категория - 3-5 лет;
- младшая возрастная категория - 6-7 лет;
- средняя возрастная категория - 8-10 лет;
- старшая возрастная категория - 11-13 лет;
- 1-я взрослая возрастная категория - 14-16 год;
- 2-я взрослая возрастная категория - 17-19 лет;
- 3-я взрослая возрастная категория - 20 лет и старше;
- Смешанная возрастная категория
5. Жюри конкурса. Оценивание.
Состав жюри формируется из опытных руководителей творческих коллективов, деятелей культуры и искусств, общественных деятелей.
Конкурсные выступления участников оцениваются по общепринятым критериям: техническое мастерство (соответственно номинации), артистизм, соответствие репертуара возрасту, раскрытие художественного образа. Решение жюри является окончательным и пересмотру не подлежит.
6. Награждение.
Гран-При - дипломы и медали каждому участнику, кубок «Гран-При» коллективу.
- Лауреатам (коллективам) - диплом и медаль каждому участнику, кубок «Лауреат I, II, III» коллективу.
- Лауреатам (дуэт, трио) - диплом и медаль каждому участнику, кубок «Лауреат I, II, III» коллективу.
- Лауреатам (соло) - диплом, медаль и кубок индивидуально.
- Всем руководителям вручаются благодарственные письма.
7. Правила участия:
Время выступлений, концертные площадки, программа конкурса утверждается оргкомитетом конкурса и не подлежат пересмотру для отдельных участников.
- Изменения по репертуару и отказ от участия, после подачи заявок, принимаются не позднее, чем за 7 дней до начала конкурса, путем письменного уведомления по электронному адресу: StageStars@mail.ru
- В случае отказа от участия на конкурсе позже 7 дней до начала проведения конкурса, огранизационный взнос не возвращается.
- Участие в конкурсе подразумевает безусловное согласие конкурсантов и руководителей со всеми пунктами данного положения. Все претензии и пожелания в адрес оргкомитета принимаются только в письменном виде.
- Сведения об участниках конкурса (включая Ф.И.О. художественного руководителя, название учебного заведения и населенного пункта) заносятся в дипломы и сертификаты на основании Заявки.
- Вход участников за кулисы производится за 2 номера до выступления
- Перечень технического и музыкального оборудования (необходимого для конкурсных выступлений) должен быть указан в Заявке.
- Организатор оставляет за собой право отказать в полном выполнении технического оборудования.
- Всю ответственность за публичное исполнение произведений, воспроизведение фонограмм, демонстрацию фонового видео ряда (разрешение авторов) несет исполнитель
- Сюжетно-тематическая основа конкурсных выступлений, музыкальный и драматургический материал, костюмы, сценические движения и жесты должны строго соответствовать возрасту выступающих. Тексты исполняемых произведений не должны содержать неприемлемые, вульгарные конкурсантам слова и выражения.
- Музыкальное сопровождение формата MP3 следует выслать за ранее на электронную почту вместе с заявкой.
8. Стоимость взносов для участников:
- Солисты - 18 000 тенге
- Дуэт, трио - 10 000 тенге
- Коллектив от 4 - 8 участников - 8000 тенге (с участника)
- Коллектив 9 и более участников - 7000 тенге (с участника)
Предоплата за участие должна быть внесена не позднее даты закрытия приема заявок.
9. Вход в зрительный зал - Бесплатно.
10. В случае неявки участника на конкурс денежные средства НЕ ВОЗВРАЩАЮТСЯ! Подав заявку на конкурс, руководитель и участники автоматически соглашаются со всеми пунктами положения.
Внимание! Этика поведения. ВАЖНО! Соблюдать все правила!
Конкурсантам следует вести себя с достоинством, быть доброжелательными к своим соперникам, относится с уважением к педагогам, воздерживаться от некорректных комментариев.
Руководители несут полную ответственность за членов группы во время конкурса и их родителей! За неадекватное поведение - снижаются баллы!
Stage Stars - орг. комитет фестивального движения