Главная festivali.kz Регистрация Обратная связь


Регистрация в справочнике О проекте art-dance.kz
 
КАТЕГОРИИ НОВОСТЕЙ
Концерты, балет, вечеринкиМастер-классыФестивали, конкурсы
 
 
 
 
« Дек.2024»
Пн.Вт.Ср.Чт.Пт.Сб.Вс.
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031     
 
МЫ ВКОНТАКТЕ
 
г. Астана
 
 
НАША БОЛЬШАЯ КНОПКА


Поддержите проект art-dance.kz!
Разместите нашу кнопку на своем ресурсе.

код кнопки:
 
Яндекс - Виджет

Танцевальные события

Удобный способ получать последние новости о танцевальных событиях в Казахстане от art-dance.kz.

добавить на Яндекс
 
Афиша ротатор
Astana Stars
Jas_daryn
 
Архив новостей:
2009/ 10/ 11/ 12/ 13/ 14/ 15/ 16/ 17/ 18/ 19/ 20/ 21
Предстоящие фестивали, конкурсы, турниры:

IІІ Международный фестиваль-конкурс «ЖАДЫРА, ЖАС ДАРЫН!»

ІIІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «ЖАДЫРА, ЖАС ДАРЫН!» ФЕСТИВАЛЬ-КОНКУРСЫНЫҢ
ЕРЕЖЕСІ

«Жадыра, жас дарын!» Қоғамдық қоры
Атырау облысы әкімдігі мен Атырау облысы Білім беру басқармасының қолдауымен
көкірегінде өнерге деген оты бар, сахна төрінен орын алсам дейтін жас дарындарды, атап айтсақ, жас әншілерді, бишілерді, театр ұжымдарын, музыка аспаптарында орындаушылар мен көркем сөз шеберлерін
ІIІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «ЖАДЫРА, ЖАС ДАРЫН!
» ФЕСТИВАЛЬ-КОНКУРСЫНДА
бақ сынауға шақырады

Фестиваль-конкурстың ұйымдастырушысы: «Жадыра, жас дарын!» Қоғамдық қоры

Өтетін орны:
Қазақстан Республикасы, Атырау қаласы
Өтетін күндері:
24-26 наурыз 2017 ж.
Өтініштер наурыздың 10-на дейін қабылданады


Фестиваль-конкурстың мақсаттары:
- Қатысушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру.
- Жастардың патриоттық сезімдерін оятып, ұлтжандылыққа, елін, өз елінің өнерін сүюге тәрбиелеу.
- Дарынды жастардың әлеуетін толыққанды ашу.
- Шынайы бәсекелік сезімдерін ояту.
- Өнер ұжымдары мен сайыскерлер арасында өзара шығармашылық қарым-қатынас орнатуға дәнекер болу.
- Әр түрлі өнер ұжымдарының шығармашылық қабілеттерін бағалау.
- Шығармашылық ізденістегі оқытушыларды марапаттау, көтермелеу.
- Озық шығармашылық топтар мен қатынасушыларды жарнамалау.
- Жастарды өнерге баулу, шығармашылыққа тәрбиелеу.
- Халқымыздың төл өнерін насихаттау.

Фестиваль-конкурс төмендегі номинациялар бойынша өтеді:
- Аспаптық музыка (ұлт аспаптар (домбыра, қобыз, баян, шертер, қыл-қобыз, т.б.), классикалық аспаптар (фортепиано, жалпы фортепиано, скрипка, флейта, саксофон, гобой, т.б.), жеке, ансамбль)
- Вокал (эстрадалық, академиялық вокал және дәстүрлі ән, жеке әнші, вокалдық ансамбль, хор ұжымдары)
- Хореография (жеке биші, ансамбль)
- Көркем сөз (қазақ немесе орыс тілінде)
- Театр өнері (қазақ немесе орыс тілінде)

Жас категориялары: кіші топ (10 жасқа дейін), орта топ (11-13 жас), үлкен топ (14 - 18 жас), жоғары топ (19-25 жас (25 жасты қоса алғанда)). Қатысушылардың жасы конкурс өткізіліп отырған уақытпен есептелетінін ескерулеріңізді сұраймыз.

ФЕСТИВАЛЬ-КОНКУРСҚА ҚАТЫНАСУ ШАРТТАРЫ
Фестиваль-конкурс мемлекеттік және орыс тілдерінде өтеді және барлық дипломдар мен алғыс хаттар мемлекеттік қазақ тілінде жазылады. Қатысушылардың репертуарында кез-келген оркестр, аспапты ансамбль немесе өз сүйемелдеуінде, кез-келген тілде вокалды-аспаптық, вокалды-хореографиялық композициялар бола алады. Аранжировка кәсіби студияда кәсіби музыканттармен жасалуы тиіс. Фонограмма (-) флешкада, мини дискіде немесе компакт дискіде (СD) жоғары сапада жазылуы және орындаушының аты-жөні/ансамбльдің аты, шығарманың аты көрсетілуі тиіс. Конкурста плюстік фонограмма қолдануға тыйым салынады! Алдыңғы сайысқа қатысқан өнерпаздар бұл сайысқа жаңа репертуар дайындауы қажет. Фестиваль-конкурсқа қатысушылардың реттік нөмірлерін фестиваль-конкурстың ұйымдастыру комитеті өтініштердің қабылдану реті бойынша белгілейді.

Конкурста орындалатын шығармаларға қойылатын талаптар:
- Домбыра - 1 күй, 1 шығарма.
- Барлық басқа аспаптар - 2 түрлі сипаттағы 2 шығарма.
- Вокал (эстрадалық, академиялық, дәстүрлі) - екі түрлі сипаттағы 2 (екі) әннен орындайды.
- Хореография - әр ұжым ұзақтығы 3,5 минуттан аспайтын 2 (екі) түрлі биден өнер көрсетеді.
- Көркем сөз - әр қатысушы ұзақтығы 3 минуттан аспайтын поэзиядан немесе прозадан екі түрлі сипаттағы 2 үзінді оқиды.
- Театр өнері - әр ұжым 15-20 минуттан аспайтын 1 қойылым үзіндісін орындайды.

Кез келген сайыскер, сүйемелдеуші немесе қандай да бір себеппен сахнаға шығатын кез келген адам САХНАЛЫҚ КИІМ киюі шарт. Спорттық үлгідегі киімде, джинсы, футболка немесе өзге сахналық киімге жатпайтын киіммен сахнаға шығуға қатаң тыйым салынады (бұл талап тек «театр өнері» номинациясына ғана қойылмайды, «театр өнері» номинациясының қатысушылары қойылымның сипатына қарай тиісті түрде киінуіне болады). Ұйымдастыру алқасы сайыс кезінде оғаш мінез, дөрекілік танытқан қатысушыларды сайысқа қатыстырмауға, нәтижесін жоққа шығаруға құқылы. Сайысқа жеке басының себептеріне байланысты қатынаса алмаған немесе талаптардың сақталмауына байланысты сайыстан шығарылған сайыскерлердің жарнасы қайтарылмайды.

Сайыскерлер жол, орналасу (жатын орын) және тағамдану шығындарын өздері көтереді. Ұйымдастыру комитеті сайыскерлерге ақылы негізде Кіші өнер академиясының жатаханасында орналасуды ұйымдастырыла алады (тәулігіне 3 мезгіл тамағымен адам басына 3500 теңге). Жатахана - жаңа, таза, сырт аяқ киіммен кіруге тыйым салынған, барлық жағдай жасалған.

МІНДЕТТІ ТАЛАП: Сайыскерлердің конкурс кезіндегі қауіпсіздігі үшін қатысушылар әрдайым ересек адамның бақылауында болуы қажет (жетекшісі және/немесе ата-анасы). Кәмелетке толмаған балалардың ересек адамның қарауынсыз конкурсқа қатысуына тыйым салынады. Әрбір жетекші немесе ата-ана конкурсқа қатынасуға алып келген әрбір сайыскерге (әрбір ұжым мүшесіне) толықтай жауапты.

ФЕСТИВАЛЬ-КОНКУРСТЫҢ ӨТУ ТӘРТІБІ
24 наурыз - 10.00-де фестиваль-конкурстың ашылу салтанаты, конкурстың 1-ші күні
25 наурыз - конкурстың 2-ші күні, кешкі 21.00-де 1-ші күннің қорытындысы
26 наурыз - конкурстың 3-ші күні, кешкі 19.00-де 2-ші күннің қорытындысы; кешкі 21.00-де 3-ші күннің қорытындысы, фестиваль-конкурстың жабылу салтанаты, Гала концерт

Фестиваль-конкурске қатынасу үшін келесі құжаттарды zhadyrazhasdaryn@mail.ru электрондық мекенжайына жіберулеріңізді сұраймыз:
1. Толықтай толтырылған өтініш (№1 Қосымша осы ереженің ажыратылмас бөлігі). сұранысты жүктеу...
2. Сайыскерлердің туу туралы куәлігінің (жеке басын куәландыратын құжаттың) көшірмесі.

ЕСКЕРТУ, МІНДЕТТІ ТҮРДЕ:
- өтініштер ВОРД (WORD) форматта және тек қана біздің формада толтырылуы керек;
- өтінішпен бірге бір файлда куәлік/тер жолдануы керек;
- ансамбльдің құрамы толықтай жазылуы керек (құрамында 10 адам болса, 10 адамның тізімі);
Жоғарыдағы талаптар орындалмаған жағдайда өтініштер қабылданбайды. Өтініште берілген мәліметтер толық және нақты деп қабылданады және өзгертулер наурыздың 10-на дейін енгізіледі. Дипломдар мен алғыс хаттардың өтініште берілген мәліметке сәйкес толтырылатындығын ескерулеріңізді сұраймыз

ЖҮЛДЕЛІ ОРЫНДАР (жас категориялары және номинациялар бойынша)
Гран при
1 - 3 орындар - лауреат
4 - 5 орындар - дипломант
Өзге сайыскерлердің барлығы өнер сайысына ат салысқаны үшін «Алғыс хатпен» марапатталады. Жүлдегер дайындаған жетекшілер және жүлдегерді сүйемелдеген концертмейстерлер «Дипломмен» марапатталады. Оқушылары/студенттері жүлделі орын алмаған жетекшілерге, олардың концертмейстерлеріне диплом берілмейді. Сайыс барысынды қазылар алқасы шеберлік сыныбын өткізіп, қатынасқан оқытушыларға сертификат беріледі. Сертификат құны - 5000 теңге ($15).

Фестиваль-конкурстың ұйымдастыру жарнасы:
1. Жеке орындаушылар үшін - 10,000 теңге ($30)
2. Дуэт, триолар үшін - 15,000 теңге ($45)
3. Ансамбльдер үшін (мүшелерінің саны 4-10 адам) - 25000 теңге ($75)
(Ескерту: ансамбль құрамындағы орындаушылардың саны 10-нан асқан жағдайда әрбір сайыскер үшін қосымша 2500 теңге ($8) төленеді)

ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫ
Сайыскерлердің өнерін кәсіби әділ қазылар жабық дауыс беру түрінде бағалайды. Қазылар алқасы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының мәдениет саласының майталмандары. Қазылар алқасының шешімі хаттамаға толтырылады және қабылданған шешімге өзгеріс енгізілмейді. Қазылар алқасы жас категориялары және/немесе номинациялар/аспаптар бойынша қатысушылардың саны жеткіліксіз болса жас категорияларын және/немесе номинацияларды/аспаптарды біріктіруге құқылы. Қазылар алқасы қатысушылардың орындау шеберлігі тиісті талаптарға сай болмаса жүлделі орындарды бермеуге құқылы. Фестиваль-конкурс аяқталғаннан кейін ұйымдастырылатын «дөңгелек үстелге» барлық жетекшілер қатысуға міндетті (жетекшісіз қатынасса ата-анасы). Дөңгелек үстелге қатынаспаған жетекшілердің сұрақтарына қорытындыдан кейін немесе басқа уақытта жауап берілмейді.

Фестиваль-конкурсқа қатынасу үшін өтініш жіберу - сайыскердің осы ережеде көрсетілген талаптарды оқып, түсінгендігін, қарсылығы жоқ екендігін білдіреді.

Ұйымдастырушы туралы мәлімет:
«ЖАДЫРА, ЖАС ДАРЫН!» ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫ
Қоғамдық қордың директоры: Қабиева Сара Жаманбайқызы
Телефоны: +7 702 353 14 64, +7 701 116 94 43, +7 771 816 75 63, +7 771 903 22 20
Электрондық пошта мекенжайы: zhadyrazhasdaryn@mail.ru


ПОЛОЖЕНИЕ
IІІ МЕЖДУНАРОДНОГО ФЕСТИВАЛЯ-КОНКУРСА «ЖАДЫРА, ЖАС ДАРЫН!»
При поддержке Акимата Атырауской области и Департамента образования по Атырауской области

Общественный фонд «Жадыра, жас дарын!» приглашает к участию в
IІІ МЕЖДУНАРОДНОМ ФЕСТИВАЛЕ-КОНКУРСЕ «ЖАДЫРА, ЖАС ДАРЫН!»
юные дарования, сердца которых наполнены любовью к искусству и стремлением покорить сцену, а именно певцов, танцоров, театральных коллективов, исполнителей-инструменталистов имастеров художественного чтения

Организатор фестиваля-конкурса: Общественный фонд «Жадыра, жас дарын!»

Место проведения:
Республика Казахстан, г.Атырау
Дата проведения:
24-26 марта 2017 г.
Заявки принимаются до 10 марта
.

Цели фестиваля-конкурса:
- стимулирование развития творческих способностей участников;
- раскрытие потенциала талантливой молодежи;
- создание здорового духа соревнования;
- способствование установлению дружеских контактов между творческими коллективами и участниками;
- оценка способностей различных творческих коллективов;
- поощрение талантливых преподавателей, находящихся в творческом поиске;
- содействие продвижению лучших творческих коллективов и участников;
- ориентировать молодежь на искусство, воспитывать творческие устремления;
- пропагандировать народное искусство.

Фестиваль-конкурс проводится по следующим номинациям:
- инструментальная музыка (народные инструменты (домбра, кобыз, баян и т.д.), классические инструменты (фортепиано, общее фортепиано, скрипка, флейта, саксофон, гобой, и т.д.), солисты, ансамбли)
- Вокал (эстрадный вокал, академический вокал, народное пение, солисты, вокальные ансамбли, хоры)
- Хореография (солисты, ансамбли)
- Художественное чтение (на казахском или русском)
- Театральное искусство(на казахском или русском)

Возрастные категории: младшая группа
(до 10 лет), средняя группа (11-13 лет), старшая группа (14 - 18 лет), взрослая группа (19-25 лет (включительно)). Возраст определяется на момент проведения конкурса.

УСЛОВИЯ УЧАСТИЯ В ФЕСТИВАЛЕ-КОНКУРСЕ
Фестиваль-конкурс проводится на государственном и русском языках. Все дипломы и благодарственные письма заполняются на казахском языке.В репертуаре участников могут быть вокально-инструментальные, вокально-хореографические произведения в сопровождении любого оркестра, инструментального ансамбля или в собственном сопровождении, и на любом языке. Аранжировка аккомпанемента должна быть сделана в профессиональной студии профессиональными музыкантами. Инструментальная фонограмма (-) должна быть качественно записана на мини-диске или компакт-диске (СD) и на диске должны быть указаны данные исполнителя/ансамбля, название и автор произведения. Исполнение под плюсовую фонограмму запрещается! Участники, участвовавшие в предыдущих конкурсах, должны обновить свой репертуар. Порядковые номера исполнителей присваиваются организационным комитетом по мере поступления заявок.

Требования к конкурсным номерам:

1. Домбра - 1 кюй, 1 произведение.
2. Все остальные инструменты - 2 произведения разного характера.
3. Вокал (эстрадный, академический, народный) - 2 песни разного характера.
4. Хореография - 2 разных танца с продолжительностью не более 3,5 минут.
5. Художественное чтение - 2 отрывка из поэзии или прозы разного характера.
6. Театральное искусство - 1 отрывок из спектакля с продолжительностью не более 15-20 минут.

Любой участник, концертмейстер и любой другой человек, которому необходимо выйти на сцену по тем или иным причинам, должен быть одет В СЦЕНИЧЕСКУЮ ОДЕЖДУ. В спортивной одежде, джинсах, футболках или другой неприемлемой одежде выход на сцену запрещен (настоящее требование не распространяется на конкурсантов, участвующих по номинации «театральное искусство»; участники по данной номинации могут выходить на сцену в необходимом образе согласно специфике представления). Орг.комитет оставляет за собой право отстранить от участия в конкурсе/аннулировать результаты участников, кто вел себя неадекватно или разговаривал неподобающим образом. Организационные сборы тех участников, кто не смог принять участие по личным причинам или из-за нарушения требований, изложенных выше, не возвращаются.

Размещение: Участники несут ответственность за свои расходы по оплате дороги в оба конца, проживание и питание. Оргкомитет может организовать размещение в общежитии Малой академии искусствза 3500 тенге в сутки на одного человека включая трехразовое питание. Общежитие - новое, чистое здание со всеми условиями, внутрь которого запрещено заходить в обуви (при размещении необходимо иметь с собой домашние тапочки).

ОБЯЗАТЕЛЬНОЕ ТРЕБОВАНИЕ: для обеспечения безопасности во время проведения конкурса, участники все время должны находиться под контролем взрослого человека (руководителя и/или родителя). Запрещается участие несовершеннолетних без сопровождения взрослого человека. Каждый руководитель и/или родитель несет исключительную ответственность за безопасность каждого сопровождаемого им участника (члена коллектива).

ПОРЯДОК ПРОВЕДЕНИЯ ФЕСТИВАЛЯ-КОНКУРСА
24 марта - в 10.00 - открытие конкурса, 1-ый конкурсный день
25 марта - 2-ой конкурсный день, в 21.00 - результаты выступлений 1-го конкурсного дня
26 марта -
3-ий конкурсный день, в 19.00 - результаты выступлений 2-го конкурсного дня, в 21.00 - результаты выступлений 3-го конкурсного дня, церемония закрытия фестиваля-конкурса, Гала концерт.

Для участия в фестивале-конкурсе необходимо отправить следующие документы на электронный адрес zhadyrazhasdaryn@mail.ru:
1. Полностью заполненную заявку (Приложение №1, которое является неотъемлемой частью настоящего положения); скачать заявку...
2. Копию свидетельства о рождении (документа, удостоверяющего личность) конкурсантов.

ОБЯЗАТЕЛЬНОЕ ТРЕБОВАНИЕ:
- необходимо заполнить исключительно нашу заявку и отправить в формате ВОРД (WORD);
- свидетельство о рождении участника необходимо отправить в одном файле вместе с заявкой;
- необходимо предоставить полный состав ансамблей (если в составе 10 чел, список всех 10).

Заявки не принимаются в случае неисполнения выше изложенных требований. Данные, содержащиеся в заявке трактуются как верные и окончательные и могут быть изменены только до 10 марта. Просим учесть то, что дипломы и благодарственные письма будут заполняться исходя из данных, приведенных в заявке.

ПРИЗОВЫЕ МЕСТА (по возрастным категориям и номинациям)
Гран-при
1 - 3 места - лауреаты
4 - 5 места - дипломанты

Всем остальным участникам будут вручены «Благодарственные письма» за участие в конкурсе. Руководителям, подготовившим лауреатов, будут вручены «Дипломы». Для руководителей, чьи ученики не заняли призовые места, и ихконцертмейстеров дипломы не предусмотрены. В ходе конкурса будет организован мастер-класс членов жюри, участники которого получат сертификаты.
Стоимость сертификата - 5000 тенге ($15).

Организационные сборы:
- Солисты - 10,000 тенге ($30)
- Дуэт, трио - 15,000 тенге ($45)
- Ансамбли (от 4 до 10 человек) - 25,000 тенге ($75)
(Примечание: если количество членов ансамбля превышает 10, за каждого участника дополнительно оплачиваетсяпо 2500 тенге ($8)

ЧЛЕНЫ ЖЮРИ
Выступление участников оценивается профессиональным жюри путем закрытого голосования. В состав жюри входят высоко квалифицированные специалисты в области культуры РК и РФ. Решение жюри заносится в протокол, является окончательным и изменению не подлежит. Жюри, на свое усмотрение, вправе обединять возрастные категории и/или жанры ввиду недостаточного количества участников по отдельным возрастным категориям и/или жанрам. Жюри оставляет за собой право не присуждать призовые места в случае, если мастерство исполнения/выступления участников не соответствует квалификационным требованиям. Все руководители (или родители, в случае если участник участвует без руководителя) обязаны принять участие в круглом столе, который пройдет после завершения выступлений. Вопросы руководителей/родителей, не участвовавших в круглом столе, не подлежат обсуждению после оглашения результатов или в любое другое время.

Подача заявки на участие в фестивале-конкурсе подтверждает то, что участник прочитал, понял и согласился с условиями настоящего положения.

Данные об организаторе конкурса:
ОБЩЕСТВЕННЫЙ ФОНД «ЖАДЫРА, ЖАС ДАРЫН!»
Директор фонда - Кабиева Сара Жаманбаевна
Телефоны: +7 702 353 14 64, +7 771 816 75 63, +7 701 116 94 43, +7 771 903 22 20
Адрес электронной почты: zhadyrazhasdaryn@mail.ru

При копировании информации ссылка на art-dance.kz обязательна.
Поделись ссылкой в социальных сетях
Теги: Атырау , март 2017 , ОФ ЖАДЫРА, ЖАС ДАРЫН
24.03.17 | Просмотров : 3783 | ID события: 3619
Все события на март 2017 года
реклама в подвале

ПОИСК НА ПОРТАЛЕ
 
 
 
 
Свежие новости/события
 
 
 
ПОДАРИ ДЕТЯМ ЖИЗНЬ
detdom.kz

Общественный Фонд
«Добровольное Общество Милосердие»

www.detdom.kz

 
СТАТИСТИКА ПОРТАЛА
Новости ( 8 948 )
Новости (просмотры) ( 22 389 291 )
Статьи о танцах( 427 )
Тематический словарь( 56 )
Справочник по клубам( 574 )
Танцевальные коллективы( 159 )
Преподаватели( 323 )
 
Афиша ротатор
100_Pro_tancy_Kz
ТОО «Pro танцы Kz»
5_BONANZA
4_TOOMUCH_Dance_Competition
GULNAR_FEST
 
Главная Форум Регистрация Обратная связь
Идея ТОО "Аль - Capital Ltd" © 2009 - 2023 Дизайн, разработка и поддержка портала - Сергей Зайцев    Сайт создан на CMS Danneo 0.5.2
За достоверность рекламных материалов и приглашений на соревнования и другие мероприятия Танцевальный портал art-dance.kz ответственности не несет.