Главная festivali.kz Регистрация Обратная связь


Регистрация в справочнике О проекте art-dance.kz
 
КАТЕГОРИИ НОВОСТЕЙ
Концерты, балет, вечеринкиМастер-классыФестивали, конкурсы
 
 
« Апр.2026»
Пн.Вт.Ср.Чт.Пт.Сб.Вс.
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930   
 
МЫ ВКОНТАКТЕ
 
 
НАША БОЛЬШАЯ КНОПКА


Поддержите проект art-dance.kz!
Разместите нашу кнопку на своем ресурсе.

код кнопки:
 
Яндекс - Виджет

Танцевальные события

Удобный способ получать последние новости о танцевальных событиях в Казахстане от art-dance.kz.

добавить на Яндекс
 
Афиша ротатор
Golden_star
Master_sceny
Tancformacija_3may
Astana Stars
5+1
 
Архив новостей:
2009/ 10/ 11/ 12/ 13/ 14/ 15/ 16/ 17/ 18/ 19/ 20/ 21/ 22/ 23/ 2024
Предстоящие фестивали, конкурсы, турниры:

II Республикалық «Бала Самұрық» көпжанрлы өнер байқауы

II Республикалық «Бала Самұрық» көпжанрлы өнер байқауы

Байқау ұйымдастырушысы: Республикалық «Bala samuryk» балалар мен жасөспірімдер байқауы.

Өтетін күні: 01.02.2025 ж.
Өтетін орны: Алматы қаласы, Кабдолова 1, Grand Park ойын-сауық орталығы, 9 блок

Байқаудың мақсаттары мен міндеттері:
- Балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық белсенділігін дамыту;
- Балалар мен жасөспірімдердің қазақ өнеріне, мідениетіне деген сүйіспеншілігін арттыру;
- Дарынды және өнерлі балалар мен жасөспірімдерді анықтау және жан-жақты қолдау;
- Сахнада өзінің талантын шыңдауға мүмкіндік беру.

Байқау келесі номинациялар бойынша өтеді:
- Хореография (халық билері, заманауи және т.б.);
- Эстрадалық вокал (жанды дауыста жеке орындау, дуэт, трио және т.б.);
- Аспапта ойнау (жеке орындау, дуэт, трио, және т.б);
- Бейнелеу өнері (алдын-ала дайындаған бір жұмысы, А3 форматта, рамкаға салынған, мольбертпен бірге);
- Қолөнер (алдын-ала дайындаған бір жұмысы);
- Көркем сөз оқу (Ақындардың немесе өз шығармашылығынан 2 шумақтан кем емес бір өлеңін жатқа айту).

Байқауға 3 жастан 17 жасқа дейінгі барлық балалар қатыса алады.
Өтінімге арналған форма (үлгі) астынғы бөлікте көрсетілген. Байқауға қатысуға өтінімдер 2025 жылдың 26 қаңтарына дейін Word нұсқада төлем жасалғанын растайтын түбіртекпен бірге +77088484928 нөмірі бойынша What's App желісіне қабылданады.

Жас ерекшеліктері:
- Бүлдіршін топ 3-5 жас
- Кіші топ 6-8 жас
- Орта топ 9-12 жас
- Үлкен топ 13-15 жас
- Ересек топ 16-17 жас
- Аралас топ

Марапаттар
Бас жүлде - диплом, медаль, кубок
I, ІІ, ІІІ орын - жеке қатысушылар мен дуэт, трио, квартетке диплом, медаль. 5 қатысушыдан асатын топтарға диплом, медаль, кубок беріледі.
Ең үздік Бас жүлде және 1 орын иегерлеріне Финалға жолдама
Ең көп бала қатыстырған ұжымға «СУПЕР КУБОК» беріледі

Жетекшіге және қатыстырып отырған мекеме атына алғыс хат беріледі.

Байқауға қатысу жарнасы:
Жеке орындаушылар 7000 тг.
Дуэт 12000 тг.
Трио 18000 тг.
Квартет 24000 тг.
Қолөнер, көркем сурет 5000 тг.
Ансамбльдер 5-тен - 10 қатысушыға дейін әр балаға 5000 тг.
Ансамбльдер 11 қатысушыдан жоғары 4500 тг.
Ансамбльдер екінші номер үшін 4000 тг.
11 немесе одан көп бала қатыстырған ансамбль жетекшісіне төленетін сумманның 10% қайтарылады
Балабақша қатысушылары үшін жеке, топтық орындау әр бала 4000 тг.

Ата-аналар мен көрермен үшін кіру бағасы 1000 тг. (Жетекшілер, көпбалалы аналар мен зейнеткерлер, мүмкіндігі шектеулі жандарға кіру тегін (растайтын құжаты немесе анықтамасын көрсету міндетті))

Байқауға қатысу жарнасы толығымен байқау шығындарына жұмсалады (сахна, жарық, марапаттар, т.б.)

Ескерту!
Қазылар алқасының құрамы білікті мамандардан құрылады.
Қазылар алқасының шешімі соңғы шешім болып табылады, және қайта талқыланбайды.
Байқау ережесін бұзған қатысушының баллы жойылады және байқаудан шеттетіледі, бұл ретте төленген жарна қайтарылмайды.
Өтінім жіберілген соң қандай да бір себеппен байқауға қатысудан бас тартқан жағдайда және 3 күн ішінде ұйымдастырушыларға ескертілмеген жағдайда қатысу жарнасы қайтарылмайды.
Музыка тек MP3 форматында алдын-ала телеграмға жіберіледі!!!
Музыкалық треккті жібергенде қатысушының аты-жөні жазылған болуы керек. Сондай-ақ, байқау болатын күні жаңа флэшка немесе телефонда музыка қатысушының өзімен болуы керек (техникалық қажеттілік бойынша, форс-мажорлық жағдайларда).
Қатысушылар сахналық образда болуы керек.

Төлем жасауға арналған реквизит:
Kaspi Gold арқылы аударым +77772967256 Салтанат Ә.

Байланыс номері:
+7 708 848 4928 - Анель
+7 777 296 7256 - Салтанат
instagram: @bala.samuryk

При копировании информации ссылка на art-dance.kz обязательна.
За содержание информации в положении, назначение призов и проведение розыгрышей организатор несет персональную ответственность перед участниками. Администрация портала не несет ответственности за достоверность представленной информации, мы не можем гарантировать ее точность, полноту или актуальность. Рекомендуем самостоятельно проверять все данные перед принятием решений или действиями.
01.02.25 | Просмотров : 755 | ID события: 9120
Все события на февраль 2025 года

ПОИСК НА ПОРТАЛЕ
 
 
Свежие новости/события
20 июня 2026, Сб.
THE BEST DANCE CHAMPIOSHIP IX (Организатор: INDIGO & BODY FLY)
29 мая 2026, Пт.
Республиканский конкурс «Dance energy» (Организатор: Өнерлі Ұрпақ)
22 мая 2026, Пт.
Республиканский фестиваль-конкурс «Big show fest» (Организатор: Ozyq bolashaq)
11 июля 2026, Сб.
Международный конкурс искусств «Звездное сияние» (Организатор: Ғажайып жұлдыздар)
07 июня 2026, Вс.
«Узоры Азии» Халықаралық фестиваль-байқауы (Организатор: 7Arts)
09 мая 2026, Сб.
«Dara Dala» Халықаралық би өнері байқауы (Организатор: 7Arts)
 
 
ПОДАРИ ДЕТЯМ ЖИЗНЬ
detdom.kz

Общественный Фонд
«Добровольное Общество Милосердие»

www.detdom.kz

 
СТАТИСТИКА ПОРТАЛА
Новости ( 10 445 )
Новости (просмотры) ( 26 406 058 )
Статьи о танцах( 429 )
Тематический словарь( 56 )
Справочник по клубам( 582 )
Танцевальные коллективы( 161 )
Преподаватели( 324 )
 
Афиша ротатор
Jas_daryn
чемпионат по артистическому танцу 2026
ТОО «Pro танцы Kz»
Beauty_Made
 
Главная Форум Регистрация Обратная связь
Идея ТОО "Аль - Capital Ltd" © 2009 - 2025 Дизайн, разработка и поддержка портала - Сергей Зайцев    Сайт создан на CMS Danneo
За достоверность рекламных материалов и приглашений на соревнования и другие мероприятия Танцевальный портал art-dance.kz ответственности не несет.