Цель
Централизация всех танцевальных событий, клубов в едином ресурсе. Помощь в развитии танцевальной культуры на территории Республики Казахстан. Популяризация танцев и пропаганда здорового образа жизни. Поддержка государственной программы развития спорта.
Миссия
Объединение интересов новичков и профессионалов в области танцев.
По вопросам размещения информации, рекламы, а так же по вопросам сотрудничества звоните нам по тел.: + 7 (727) 327 93 14, сот.: + 8 702 158 53 48, 8 701 457 81 72 или пишите на e-mail: info@art-dance.kz
Поддержите проект с размещением логотипа и ссылкой на наш сайт. Скачать логотип.rar »
Добавить событие?!
Если Вы - организатор, какого-либо события в мире танца (предстоящие фестивали, турниры, соревнования и их результаты, а также мастер – классы и др.), то можете разместить бесплатно информацию на портале art-dance.kz.
Высылайте положения, фотографии на почтовый ящик info@art-dance.kz
За достоверность рекламных материалов и приглашений на соревнования и другие мероприятия Танцевальный портал art-dance.kz ответственности не несет. Также отметим, что мы оставляем за собой право отказать в размещении анонса без объяснения причин!
E-mail по вопросам размещения информации на портале: info@art-dance.kz
E-mail для танцевальных клубов (студий, школ): club@art-dance.kz
Условия размещения информации на портале
Все новости (предстоящие фестивали, турниры, соревнования и их результаты, а также мастер – классы и др.) публикуются бесплатно, для связи e-mail: info@art-dance.kz.
Информация о танцевальных клубах (контактные данные, услуги, расписание, стоимость занятий, о клубе, преподавательский состав, фотоальбом и др.) публикуется бесплатно.
Если Вы владелец или руководитель танцевального клуба, и хотите что бы Ваш клуб был занесен в каталог портала art-dance.kz, Вам необходимо заполнить форму-заявку на добавления в справочник по клубам или отправить письмо на e-mail: club@art-dance.kz.
Если Вы руководитель танцевального коллектива, или участник группы и хотите что бы данные о Вашем коллективе (деятельность, фотоальбом, история, проекты и др.) были занесены в каталог портала art-dance.kz, Вам необходимо заполнить форму-заявку на добавления в каталог. Размещение на портале бесплатно, контактный e-mail: group@art-dance.kz.
Если Вы преподаватель танцев, и хотите что бы Ваши данные были занесены в каталог портала art-dance.kz, Вам необходимо заполнить форму-заявку на добавления в каталог. Размещение на портале бесплатно, контактный e-mail: teachers@art-dance.kz.
Оразғали Сейтқазы атындағы I Республикалық «Киелі қобыз» қобызшылар байқауының ережесі
Оразғали Сейтқазы атындағы
I Республикалық «Киелі қобыз» қобызшылар байқауының ережесі
I. Жалпы ереже:
Осы ереже Оразғали Сейтқазы атындағы І Республикалық қобызшылар байқауының мақсаты мен міндеттерін, ұйымдастырушылық қызметінің өткізу, қатысу және жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтау тәртібін айқындайды.
II. Байқаудың мақсаты:
Еліміздің өнер сүйер жұртшылығына кеңінен таныс, қобызшы, дирижер, композитор, ұстаз, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, ҚР білім беру ісінің үздігі, профессор Оразғали Жүнісбекұлы Сейтқазының ұстаздық, орындаушылық, шығармашылық, қоғамдық қызметтерін дәріптеу, қылқобыз, прима-қобыз аспаптарын барынша насихаттау, дамуына ықпал ету, дарынды жастарды анықтау, қолдау көрсету, өнерлерін дамыту және Абай облысын Қазақстанның өзге аймақтарына осы Өнер байқауы арқылы таныту.
III. Байқаудың міндеттері:
Жастардың шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, тұлғалық сезім мәдениеттерін дамыту, музыка өнеріне деген сүйіспеншіліктерін ояту.
IV. Байқаудың ұйымдастырушылары:
- Абай обылысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы;
- М.Төлебаев атындағы Семей музыка училищесі;
- Shakarim Universitety;
- «Оразғали Сейтқазы» Қоғамдық Қоры;
V. Байқауға қатысушылар:
Балалар музыка және өнер мектептерінің оқушылары, музыкалық училище және педагогика колледждерінің музыка бөлімі студенттері.
VI. Байқауды ұйымдастыру және өткізу тәртібі:
- Байқауда қобыз аспабында екі шығарма орындау қарастырылған;
- Уақыт регламенті: 2 шығарманы орындау (10 минуттан аспауы керек);
- «Прима-қобыз» номинациясы бойынша Оразғали Сейтқазының прима қобызға арналған «Романс» шығармасын орындау міндетті (кіші топтың оқушыларына міндетті емес, оларға жас шамаларына сәйкес кез-келген авторлардың шығармаларын орындау ұсынылады), екінші шығарма қатысушының таңдауы бойынша;
- «Қылқобыз» номинациясы бойынша 2 күй;
- «Ансамбль» номинациясы бойынша орындаушының тандауына сәйкес 2 шығарма орындалады. Бағалау критерийлері:
- Шығарманы орындау шеберлігі (техникасы);
- Музыканы сезу қабілеті (музыкальность);
- Сахна мәдениеті;
- Ансамбльдік үйлесім.
VII. Ұйымдастыру комитеті:
- Байқаудың өтетін орны мен уақытын белгілейді;
- Шараны өткізуге дайындық жүргізеді;
- Қазылар алқасы құрамын анықтайды;
- Байқауды ережеге сәйкес өткізеді және басшылық жасайды;
- Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттайды;
- Ережеге сәйкес басқа міндеттерді атқара алады.
IX. Байқауды бағалау:
Осы байқауды бағалауға кобыз аспабының майталман шеберлері және өнер қайраткерлері қазылыққа шақырылады. Қазылар алқасы:
- қатысушылардың өнерін 10 балдық жүйемен бағалайды;
- жеңімпаздарды анықтайды және жүлделі орындарды бөледі;
- байқаудың қорытындысы туралы есеп береді.
- қазылар алқасының шешімі талқыланбайды.
Х. Байқауды қорытындылау және марапаттау:
«ГРАН-ПРИ» - 1 жеңімпаз;
І орын - 4 жеңімпазға бөлінеді;
ІІ орын - 4 жеңімпазға бөлінеді;
ІІІ орын - 4 жеңімпазға бөлінеді;
IV орын І дәрежелі Дипломант- бағалы сыйлық (4 жеңімпазға беріледі) Арнайы номинациялар:
«Ең жас қатысушы»
«Ең шебер орындалған күй»
«Үздік концертмейстер»
«Ең әсерлі орындалған «Романс» шығармасы».
Иегерлер дипломдармен және сыйлықтармен марапатталады.
Барлық қатысушыларға қатысқаны үшін сертификаттар және естелік медальдар беріледі.
Ұстаздарға, концертмейстерлерге арнайы Дипломдар беріледі.
Әр жас ерекшелігі категориясына 1, 2, 3, 4-ші орындар тағайындалады.
XI. Қатысушылардың жас ерекшеліктері:
7-10 жас - кіші топ
11-14 - орта топ
15-19 - жоғары топ
Байқауға қатысу үшін өтінім 1 қосымшаға сәйкес 2023 жылғы 5 мамырға дейін zhanerke.kusbekova@gmail.com эл.поштасында қабылданады.
Қатысушылардың туу туралы куәліктерінің көшірмесін, жеке куәліктері бар болса олардың көшірмесін word форматында жоғарыда көрсетілген эл.поштаға жолдау қажет. Толығырақ ақпарат алу үшін байланыс номері: +7 775 342 46 39.
Байқаудың өтетін жері, уақыты:
Байқау 2023 жылғы мамыр айының 11,12 күндері Семей қаласында өтеді. Іріктеу кезеңінің өтетін орны: Семей қаласының М.Төлебаев атындағы музыка училищесінің концерт залы. Мекен-жайы: Жамақаев көшесі, 35 үй. Марапаттау рәсімі және Гала концерт Абай атындағы театр ғимаратында өтеді.
Конкурсанттардың тәуліктік (жатын орын, тамақтану) және жол шығындарын жіберуші жақ қамтамасыз етеді. Қонақ үйлердің бағаларымен booking.com - Семей сайтында таныса аласыздар.
Сахнаға шығу реті және уақыты байқауға 3 күн қалғанда қосымша ақпарат ретінде жетекшілерінің WhatsApp номерлеріне жіберіледі. Ескерту: Өтінімді толтырғанда аты-жөндерді қатесіз толтыру сұралады. Дипломдар ұсынылған мәлімет бойынша толтырылады.
Толығырақ ақпарат алу үшін байланыс номері:
+7 775 342 46 39
zhanerke.kusbekova@gmail.com эл.поштасында