Цель
Централизация всех танцевальных событий, клубов в едином ресурсе. Помощь в развитии танцевальной культуры на территории Республики Казахстан. Популяризация танцев и пропаганда здорового образа жизни. Поддержка государственной программы развития спорта.
Миссия
Объединение интересов новичков и профессионалов в области танцев.
По вопросам размещения информации, рекламы, а так же по вопросам сотрудничества звоните нам по тел.: + 7 (727) 327 93 14, сот.: + 8 702 158 53 48, 8 701 457 81 72 или пишите на e-mail: info@art-dance.kz
Поддержите проект с размещением логотипа и ссылкой на наш сайт. Скачать логотип.rar »
Добавить событие?!
Если Вы - организатор, какого-либо события в мире танца (предстоящие фестивали, турниры, соревнования и их результаты, а также мастер – классы и др.), то можете разместить бесплатно информацию на портале art-dance.kz.
Высылайте положения, фотографии на почтовый ящик info@art-dance.kz
За достоверность рекламных материалов и приглашений на соревнования и другие мероприятия Танцевальный портал art-dance.kz ответственности не несет. Также отметим, что мы оставляем за собой право отказать в размещении анонса без объяснения причин!
E-mail по вопросам размещения информации на портале: info@art-dance.kz
E-mail для танцевальных клубов (студий, школ): club@art-dance.kz
Условия размещения информации на портале
Все новости (предстоящие фестивали, турниры, соревнования и их результаты, а также мастер – классы и др.) публикуются бесплатно, для связи e-mail: info@art-dance.kz.
Информация о танцевальных клубах (контактные данные, услуги, расписание, стоимость занятий, о клубе, преподавательский состав, фотоальбом и др.) публикуется бесплатно.
Если Вы владелец или руководитель танцевального клуба, и хотите что бы Ваш клуб был занесен в каталог портала art-dance.kz, Вам необходимо заполнить форму-заявку на добавления в справочник по клубам или отправить письмо на e-mail: club@art-dance.kz.
Если Вы руководитель танцевального коллектива, или участник группы и хотите что бы данные о Вашем коллективе (деятельность, фотоальбом, история, проекты и др.) были занесены в каталог портала art-dance.kz, Вам необходимо заполнить форму-заявку на добавления в каталог. Размещение на портале бесплатно, контактный e-mail: group@art-dance.kz.
Если Вы преподаватель танцев, и хотите что бы Ваши данные были занесены в каталог портала art-dance.kz, Вам необходимо заполнить форму-заявку на добавления в каталог. Размещение на портале бесплатно, контактный e-mail: teachers@art-dance.kz.
Балалар, мектеп оқушылары мен жасөспірімдерге арналған «Ұлтын сүйген ұламыз» республикалық өнер байқауы
Бүлдіршіндер, мектеп оқушылары мен жасөспірімдер арасында ұйымдастырылатын Республикалық «Ұлтын сүйген ұланбыз» өнер байқауының ЕРЕЖЕСІ
Балалар өнерінің шыңдалар тұсы-байқау. Жыл бойы ұстаздың сіңірген еңбегі мен баланың жинаған рухани қорының кеңінен танылып, сараланар тұсы. Өзге замандастарымен үзеңгі қағыстырып, шыңдалу арқылы тәжірибе жинау. Иі қанып, толықтай бойына сіңірген бір шығарма арқылы бар көркемдік пен табиғатың берген дарынын көрсетуге мүмкіндікті жіберіп алмауыңыз керек. * ҚР Білім және ғылым Министрлігінің ұсынылған байқаулар тізіміне кіреді
Байқаудың өту уақыты: 04-05 қараша 2021 ж. Байқаудың өту орны Ақтөбе қаласы, Алматы ауданы, (Жилянка) Матросов көшесі 30А, «Геолог» мәдениет үйі Байқау: ҚР Білім және ғылым Министрлігінің ұсынылған байқаулар тізіміне енгізілген.
Суперфинал сыйлықтары: «Суперфинал жеңімпазына 250 000 тенге (әр жанр бойынша), «Суперфинал жеңімпазына, Продюсерлік орталықпен келісім-шарт»; «Ақшалай және бағалы сыйлықтар». «Халықаралық байқауларға жеңілдіктер мен тегін жолдамалар», «Үздік өнер көрсеткен бір өнерпазды «Бала дауысы, Балақай, Әнші балапан»- сынды телевизиялық жобаларға тегін қатысуға қолдау көрсетеміз.
Байқаудың мақсаты:
- Өнерлі балалардың жұлдызын жағу;
- Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Мәңгілік ел» идеясын қолдау және жасөспірімдер мен жастар арасында кең насихаттау;
- Ұрпақ санасына ұлтжандылық рухын сіңіріп, таным көкжиегін байыту.
- Еліне, жеріне деген махаббатын сахна төрінде өнері арқылы насихаттап, өз қатарластарына үлгі бола отырып,тұлғалық дамуына үлес қосу;
- Бүлдіршіндердің қазақ өнеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру және жаңа, өзгеше идеяларды іздестіру, балалар мен жасөспірімдердің рухани, адамгершілік және көркемдік дамуын қалыптастыру;
- Дәстүрлі ән мен күй және жыраулық өнердің мәртебесін арттырып, ұрпақ санасына сіңіру және осы өнер түріне балалардың ынтасын ояту;
- Қылқаламмен сурет салған, қолданбалы өнерден болашағын көретін және бос уақытын шығармашылықтың көркем түріне арнаған жас жеткіншектердің талабын оятып, таланттыларға дем беру;
- Ұстаздардың тәжірибе алмасып, шеберлігін шыңдауға мүмкіндік жасау;
- «Атадан-мұра» қорының байқауларының Суперфиналына ең үздік қатысушыларды іріктеу.
Байқаудың өткізу шарттары
2.1. Байқауға қатысатын балалардың жас ерекшеліктері:
- Балапан топ (3-5 жас аралығы)
- Бүлдіршін топ (6-7 жас аралығы)
- Кіші топ (8-10 жас аралығы)
- Орта топ (11-13 жас аралығы)
- Жасөспірім топ (14-16 жас аралығы)
- Жоғарғы топ (17-19 жас аралығы)
2.2. Байқаудың жанрлары мен қатысу шарттары
№
Жанр
Шарттары
1
Аспапта ойнау, аспапта ойнаушылар ансамблі;
Аспапта ойнау - жанры бойынша 6ір еркін шығарма орындайды. Жеке, дуэт, трио, квартет, ансамбльдер қатыса алады (3-4 минут уақыт беріледі)
2
Дәстүрлі ән;
Дәстүрлі ән - жанры бойынша аспаптың сүйемелдеуімен еркін тақырыпта бір ән орындайды (3 минут уақыт беріледі)
3
Вокал (академиялық, эстрадалық, халықтық);
Вокал - номинация бойынша қатысушылар еркін тақырыпта кез - келген бір ән (минисовканы алдын ала ұйымдастырушыларға өткізіледі) аспаптың сүйемелдеуімен (концертмейстер) орындай алады (3-4 минут уақыт беріледі) Берілген уақыттан асқан жағдайда әділ-қазы мүшесі қатысушыны тоқтатуға құқылы.
4
Вокалды топтар, Хор
Дуэт, трио, квартет, вокалды топтар қатыса алады. «Бэк» вокал рұқсат етіледі. Еркін тақырыпта кез - келген бір ән (минисовкасын алдын ала ұйымдастырушылар алқасына тапсырылады.) Аспаптың сүйемелдеуімен (концертмейстер) орындай алады (3 минут уақыт беріледі)
5
Хореография (би) жеке немесе топ
Би - жеке би немесе топтық бимен және көркем гимнастикамен қатысушылар еркін тақырыпта бір бимен қатысады. Бидің жалпы ұзақтығы 4 минуттан аспауы тиіс
6
Көркем сөз
Көркем сөз - жанры бойынша еркін тақырыпта бір өлең мәнерлеп оқу арқылы шеберлігін көрсете алады (2-4 минут уақыт беріледі)
7
Сахналық қойылым
ЕРКІН тақырыпта 5 минуттан аспайтын қойылым қояды.
8
Сән үлгісі
Сән үлгі номинациясына тек авторлық сән үлгісін көрсете алады. Сән үлгі бір тақырыпта болу керек (Классика, Ұлттық, т.с.с.) 3 минут уақыт беріледі
8
Жазбаша шығарма
Жазбаша шығарма (поэзия, ертегі, әңгіме, Новелла, Сценарий)», «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Мәңгілік ел», «Дарабоз», «Ұлы дала ұрпағы», «Тәуелсіздікке 30 жыл», «Тәуелсіздік-тұғырым» (шығарма тақырыбы еркін) тақырыпта шығарма жазылады. Шығарма atadanmura_aktobe@mail.ru электронды почтасына өтінішпен бірге алдын ала өткізіледі. Қатысушы тек марапаттау рәсіміне келеді (Word форматта, А4 қағазға екі беттен кем емес болуы қажет өтінішпен бірге жіберу керек)
9
Ақындық өнер
Еркін тақырыпта бір өлеңін оқиды. (3-минут уақыт беріледі)
10
Бейнелеу өнері;
Бейнелеу өнері (графика, Кескіндеме, Мүсін) еркін тақырыпта сурет салады. Қатысушы тақырыпқа сай шығармасын байқау күні өзі қорғайды. Байқау көрме ретінде өтеді. Салынған суреттер А3 форматта рамкада болуы шарт, қатысушы салған суретті өзі қорғайды, салынған суреттер дәлел ретінде қалады
11
Қолөнері;
Қолөнер - номинациясы бойынша қатысушылар қолдан жасалған қолөнер бұйымдарын байқау күні өзі қорғайды. Байқау көрме ретінде өтеді. Жасалған бұйымның қатысушы жөнінде фото, видеолар болу қажет, жасалған бұйымдар дәлел ретінде қалады
12
Бейнеролик (презентация)
Еркін тақырыпта бейнеролик (сынып жетекшілері мен өзін-өзі тану, туған жер туралы тарих пәндерінің мұғалімдерінің көмегімен) жасалып, atadanmura_aktobe@mail.ru электронды почтасына өтінішпен бірге алдын ала өткізіледі. Қатысушы бейне роликке өзі түсуі шарт. Бейне роликті қатысушы өзі қорғайды (1-7 минуттық болуы шарт)
13
Ғылыми жоба
Қазақ тілі, Биология, География, Тарих Химия, Информатика пәндерінен - қатысушы «Болашаққа бағдар» «Рухани жаңғыру» «Қазақстан-жеті қыры» «Цифрлі Қазақстан» «Қазақстан тарихы» тақырыптарына сай ғылыми жоба дайындайды. Қатысушы байқауға келіп жұмысын қорғайды. (Қатысушы өзімен бірге екі ғылыми жұмысын, Слайдтары болса флэшкада әкелуі тиіс; 5 минут уақыт беріледі)
2.3. Бағалануы: - Байқау кезіндегі көрсеткен өнеріне байланысты бағаланады. Қазылар алқасы: ҚР белгілі өнер майталмандары Ескерту: Қазылар алқасының шешімі мен орындардың тағайындалуына Ұйымдастыру көмитеті жауапты емес. Қазылар алқасының шешіміне қарсы шыққан жағдайда, қатысушы жарыстан шеттетіледі. Қазылар алқасының шешімі талқыланбайды.
Хабарландыру! Байқауға қатысушы саны шектеулі. Елдегі ахуалға байланысты байқауға қатысушы мен жетекшісі (жетекшісі болмаған жағдайда бір ата-анасына кіруге ғана рұқсат) «Ashyg» жобасы арқылы кіре алады. Бетперде мен қолғап (медициналық қолғап) міндеттелген. Қатысушылар әр жанрдан соң бірден марапатталынады.
Жүлделер Әр номинация бойынша жас ерекшелігіне сай жеке марапатталады. - «Атадан-мұра» қорының тұңғыш Президенті М.Аманжолқызы атындағы арнайы жүлде- Халықаралық байқауға тегін жолдама, «Атадан-мұра» қорының байқауларының Суперфиналына жолдама Бас жүлде - кубок және лауреат дипломы; «Атадан-мұра» қорының байқауларының Суперфиналына жолдама - І орын - кубок, медаль және лауреат дипломы; - ІІ орын - кубок, медаль және лауреат дипломы; - ІІІ орын - кубок, медаль және лауреат дипломы; - Дипломант - медаль және диплом.
Байқау жарнасы
- Жеке - 7.000 теңге
- Дуэт - 14.000 тенге
- Трио - 15.000 теңге (медаль және дипломмен марапатталынады)
- Квартет, квинтет - 20.000 тенге (медаль және дипломмен марапатталынады)
- Ансамбль - 25.000 тенге (10 қатысушыға дейін, 10 қатысушыдан ары 1 адамға 2500 теңгеден) (дипломмен ғана марапатталынады)
- «Бейнелеу», «Қолөнер», «Шығарма», номинациялары бойынша: 1 жұмыс - 7.000 теңге (кубок, медаль және диплом)
- Ұстаздар үшін: Ұстаздар үшін шеберлік сабақтары өткізіледі (пән сабақтарына байланысты) Сертификат құны: 10.000 тг. Ескерту: келіп-кету шығынын жіберуші жақ көтереді.
СУПЕРФИНАЛ Суперфиналға «Атадан-мұра» қорының ұйымдастыруымен 16/09/2021- 23/05/2022 аралығында ұйымдастырылған байқаулардың «Бас жүлде» және «Арнайы жүлде» иегерлері ғана қатыса алады.
Ескерту: Суперфиналға қатысушылар алдын-ала тіркелуге міндетті. Суперфиналдың өту уақыты: 16/06/2022-23/06/2022 Суперфиналға қатысу жарнасы: «Атадан-мұра» қоры ұйымдастыруымен 2020/2021 оқу жылында өткен байқаулардың:
- «БАС ЖҮЛДЕ» иегерлері- ТЕГІН; Суперфиналдың шарттары:Атадан мұра қоры ұсынған қонақ үйде орналасады. Байқау екі кезеңнен және Гранд-финалдан тұрады.
- Қазақстан Респуликасының обылыс орталығында және аудандарында «Атадан-мұра» қоры ұйымдастырған Республикалық «Ұлы Дала Ұрпағы» және басқа атаудағы байқауларының «Бас жүлде» және «Арнайы жүлде» иегерлері және лауреаттары I кезеңнен бастап қатысады және жеңімпаздары II кезеңге жолдама алады;
- Алматы, Астана және «Балдаурен» РОСО-да «Атадан-мұра» қоры ұйымдастырған Республикалық «Атадан-мұра», «Тәуелсіздік-тұғырым», «Ерлігі-елге мұра», «Жаздаурен» байқауларының «Бас жүлде» және «Арнайы жүлде» иегерлері және лауреаттары II кезеңнен бастап қатысады және жеңімпаздары Гранд-финалға жолдама алады;
Байқауға 7 номерден жоғары оқушы қатыстырған ұстаз, Үздік Ұстаз төсбелгісі, куәлігімен, және де құрмет грамотасымен марапатталады
Өтініш 30.10.2021 дейін ғана atadanmura_aktobe@mail.ru электронды поштасына қабылданады
Хабарлама! Жүлделі орынға ие болған жеңімпаздар шет елде өтетін Халықаралық байкауға жолдама алуға мүмкіндік алады! Суперфинал сыйлықтары: «Суперфинал жеңімпазына 250. 000 тенге (әр жанр бойынша)» «Суперфинал жеңімпазына, Продюсерлік орталықпен келісім-шарт»; «Ақшалай және бағалы сыйлықтар». «Халықаралық байқауларға жеңілдіктер мен тегін жолдамалар», «Үздік өнер көрсеткен бір өнерпазды «Бала дауысы, Балақай, Әнші балапан»- сынды телевизиялық жобаларға тегін қатысуға қолдау көрсетеміз.
ӨТІНІШТІҢ ҮЛГІСІ «Атадан-мұра» қорының «Ұлтын сүйген ұланбыз» аттыбайқауына
Өтініш Республикалық «Ұлтын сүйген ұланбыз» байқауы
Қатысу-шының аты-жөні (топтың атауы)
Жасы
Мектеп, сыныбы
Жанры
Шығар-ма аты, авторы
Жетек-шісі
Тел. номерлері Электронды поштасы
-
-
-
-
-
-
-
Құрметті жетекшілер: Өтініштерді үлгіге қарап, түбіртекпен бірге atadanmura_aktobe@mail.ru электронды поштасына жіберулеріңізді сұраймыз. Түбіртексіз келген өтініш қабылданбайды.
Жауапты тұлға: Сапарова Орынай Каршыгиевна Байланыс тел.: +7 7752741280
Қандай да бір өзгерістер енген жағдайда алдын ала хабарланып, әлеуметтік желідегі @atadanmura_aktobem парақшаларда жарияланады
Қатысу жарнасы: + 7 7752741280 Kaspi gold, Halyk bank нөміріне Kaspi gold 5169 4971 8820 8619 картасына қабылданады
«Атадан-мұра» қорының Президенті: Т.Сауранбаев
Ақтөбе қаласынын ұйымдастырушысы О.Сапарова
При копировании информации ссылка на art-dance.kz обязательна.