Главная festivali.kz Регистрация Обратная связь


Регистрация в справочнике О проекте art-dance.kz
 
КАТЕГОРИИ НОВОСТЕЙ
Концерты, балет, вечеринкиМастер-классыФестивали, конкурсы
 
 
 
 
« Окт.2024»
Пн.Вт.Ср.Чт.Пт.Сб.Вс.
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031   
 
МЫ ВКОНТАКТЕ
 
г. Астана
 
 
НАША БОЛЬШАЯ КНОПКА


Поддержите проект art-dance.kz!
Разместите нашу кнопку на своем ресурсе.

код кнопки:
 
Яндекс - Виджет

Танцевальные события

Удобный способ получать последние новости о танцевальных событиях в Казахстане от art-dance.kz.

добавить на Яндекс
 
Афиша ротатор
2_SVOBODA_DANCE
Astana Stars
BiG_DANCE_14dec
Jas_daryn
 
Архив новостей:
2009/ 10/ 11/ 12/ 13/ 14/ 15/ 16/ 17/ 18/ 19/ 20/ 21
Предстоящие фестивали, конкурсы, турниры:

Республикалық өнер байқауы оқушылар мен жасөспірімдер арасындағы «Жұлдызды қолтаңба»

«Жұлдызды қолтаңба»
оқушылар мен жасөспірімдер арасындағы
Республикалық өнер байқауының

ЕРЕЖЕСI

Өткізілу мерзімі: 23-24 қараша 2019 ж.
Өткізу орны: Алматы қаласы. Желтоқсан 37
Уақыты: 9-00

Мақсаты: Балалар мен жасөспірімдер және жастар арасында тақырыптық өнер байқауларын өткізу, іріктеу кезеңдерін ұйымдастыру арқылы талантты, өнерлі балалар мен жасөспірімдерді анықтау, сахнаға талпынған жеткіншектердің талабын қолдап, талантын ашу. Өнердің тылсым сырын үйретіп, шығармашылықтың шыңына жетелеу. Балғын жүректердің армандарын орындап, өмірлік қолтаңбаларын қалдыру.

Байқауды ұйымдастыру мен өткізу
І. Жас ерекшеліктеріне байланысты байқауға қатысушылар төмендегідей топтарға бөлінген:
- Бүлдіршін топ (5-6 жас);
- Кіші топ (7-8 жас);
- Орта топ (9-12 жас);
- Жасөспірім топ (13-16 жас)
- Ересектер тобы (17-21 жас)
ІІ. Байқауғакөркем сөз оқуға қабілетті, әншілік және бишілік өнерге бейім, дәстүрлі ән мен аспапта ойнауды меңгерген, талантты, дарынды 5-21 жас аралығындағы бүлдіршіндер мен оқушылар, жасөспірімдер және жастар шақырылады.
ІІІ. Байқау қатысушылардың таңдауына байланысты келесі номинациялар бойынша өткізіледі:

1. Көркем сөз
Байқауға қатысушы берілген тақырыпта 1 шығарма (өлең, мысал, монолог, толғаудан үзінді т.б.) оқуы қажет. Оқылатын шығарма Отанға, туған жерге деген махабатты бейнелеп, ерлікті, елдікті, достықты жырлайтын туындылар болуы шарт. Шығарманы музыкамен әрлеуге рұқсат етіледі.
***Ескерту: Байқауға қатысушы үміткерлер ұсынатын шығармадағы шумақ саны жас ерекшеліктеріне қарай төменде берілген нұсқаумен сәйкес келуі талап етіледі
- Бүлдіршін топ (2-3 шумақ);
- Кіші топ (3-5 шумақ);
- Орта топ (5-7 шумақ);
- Жасөспірім топ (6-8 шумақ);
- Ересектер тобы (9-12 шумақ);
2. Эстрадалық вокал
Байқауға қатысушылар жеке, топтық дуэт, трио, квартет, хор т.б. түрлерде 1 ән орындайды.Берілетін уақыт 3 минут
***Ескерту: Орындалатын ән «жанды» дауыспен орындалуы талап етіледі. Минус сүйемелімен немесе саз аспаптарымен орындалуы шарт. Әннің минусовкасы байқау күнітехникалық қажеттіліктерге байланысты флешкаға жазып әкелінеді.
Ережені сақтамаған жағдайда, қатысушының жетекшісі жауап береді.
3. Дәстүрлі ән
Байқауға қатысушы берілген тақырыпта аспаптың сүйемелдеуімен 1 ән орындайды. Әрбір қатысушы тізімдік реті бойынша сүйемелдеуші аспабымен дайын болуы керек. Берілетін уақыт 3 минут.
4. Аспапта орындау
Байқауға топтық ансамбль, оркестр және жеке негізде қатыса алады және бір шығарма сазгерлер мен авторлық немесе халық күйлерінен орындайды Жеке қатысушылар музыка аспаптарының таңдаған түрінде ұлттық, үрлемелі, ұрмалы, шекті, ысқышпен ойналатын аспап, түймелі т.б. бір шығарма орындайды. Нөмірге 3 минут беріледі.
5. Хореография
Байқауға жеке, топтық негізде төменде көрсетілген би өнерінің түрлері бойынша қатыса алады
- Ұлттық би;
- Эстрадалық би;
- Спорттық би;
- Қазіргі заманғы билері (эстрадалық би, модерн, хип-хоп т.б.)
***Ескерту: бидің музыкасын байқау күнітехникалық қажеттіліктерге байланысты флешкаға жазып әкелінеді. Нөмірге 3 минут беріледі.
Ережені сақтамаған жағдайда, қатысушылардың жетекшісі жауап береді.
6. Қолөнер және (сурет)
Байқауға қатысушылар қолөнер бұйымдарын (ағаш өңдеу, батик, тоқыма, зергерлік бұйымдар т.б.) еркін тақырыпта ұсынады. Байқауға ұсынылған бұйымдарда міндетті түрде орындаушының мәліметі, толық жасы көрсетілуі керек. Байқауға қатысушы сұраныс пен төленген жарна түбіртегін алдын ала орталықтың электронды поштасына жіберуі керек.
7. Бейнелеу өнері
Сурет берілген тақырыпта (гуашь, акварель т.б.) А3 форматта жиектелген (рамамен) болуы шарт. Суретте міндетті түрде жұмыс атауы және орындаушының мәліметі, жасы толық берілуі керек. Барлық жұмыстар байқаудың бірінші күні қабылданады (қосымша хабарланады). Байқауға қатысушы сұраныс пен төленген жарна түбіртегін алдын ала орталықтың электронды поштасына жіберуі керек.

Байқаудың қорытындысы, марапаттау

I Байқаудың әділқазылар алқасы:Әділқазылар құрамына кіретіндер – мәдениет саласының қызметкерлері, танымал өнер иелері, ақын-журналистер.
Әділқазылар қатысушыларды 10 балдық жүйемен ашық бағалайды.
Қазылар алқасының шешіміне байқаудың ұйымдастырушылары өзгеріс енгізе алмайды.
Қазылар алқасының шешімімен жүлделі орындар саны көбейтілуі немесе қысқартылуы мүмкін.

II Байқаудың жүлдесі:
«Бас жүлде»
1. Жеке қатысушылар үшін 31.05-3.06.2020 ж. Алматының баурайындағы «Маралсай» балалар лагерінде өтетін «Жұлдызды қолтаңба» фестиваль-байқауына тегін жолдама (әділқазылардың он балдық бағасымен есептелінеді, әр номинация бойынша бір қатысушыға)
2.Дуэт, трио, квартет, топтық түрдегі қатысушылар (оркестр, ансамбльдер үшін)
ақшалай сыйлық 50 000 тенге (әділқазылардың он балдық бағасымен есептелінеді, әр номинация бойынша бір топқа дуэт, трио,квартет, оркестр, ансамбльдер)
«Лауреат» (І, ІІ, ІІІ дәрежелі медаль, кубок) 29-25 балл;
«Дипломант» (І, ІІ, ІІІ дәрежелі медаль) 24-19 балл;
«Номинация» 18-15 балл.
***Ескерту! Қатысушылардың санына байланысты байқау ережесін өзгертуге ұйымдастыру комитеті құқылы.
1. Барлық жетекшілер дипломдармен марапатталады.
2. 10 оқушыдан жоғары үміткерлерді дайындап қатыстырған мектепке кубок және арнайы сыйлық табысталады.
3. 5 оқушыдан жоғары үміткерлерді дайындап қатыстырған жетекшілер арасында «Шығармашыл ұстаз» номинациясы беріледі және бағалы заттарға лоторея ойнатылады.
***Ескерту! Байқау кестесіне қандай да бір өзгерістер енгізілген жағдайда алдын ала хабарланады.

Ұйымдастыру комитеті өтінішті 20.11.2019 ж. дейін қабылдайды!
Байқауға қатысушы өзі туралы мәлімет пен / нұсқасы төменде көрсетілген/ түбіртектің көшірмесін және минусовкаларын алдын ала тек Juldyzdy.qoltanba@mail.ru электрондық поштасына жіберуі тиіс.
Сұраныс нұсқасы:

Аты-жөні, тегі

Жасы

Жанр

Орындайтын шығармасының тақырыбы, авторы

Жетекшісі

Электронды поштасы, телефоны

Қала, ауыл, мектебі

1

-

-

-

-

-

-

-

2

-

-

-

-

-

-

-

3

-

-

-

-

-

-

-

ЕСКЕРТУ!
Сұраныс жеке құжаттардың негізінде (туу туралы куәлік пен жеке куәлік) толтырылуы керек. Марапат қағаздарындағы қатысушының және жетекшінің аты-жөні, тегінде жіберілген қателіктерге орталық қызметкерлері жауапты емес! Мараппаттау барысында қатысушының тегі, аты-жөнінде қателік кеткен жағдайда 10 жұмыс күні ішінде түзетіліп электрондық пошта арқылы жіберіледі.
Байқауға қатысушылар әлемдік тәжірибеде өтілген қалалық, республикалық, халықаралық мерекелік іс-шараларға алдын ала кіру жарнасын төлейді, жиналған қаржы байқауды өткізуге және телефестивальді ұйымдастыруға жұмсалады.

Байқаудың қаржылық талаптары
- Жеке қатысушы 5000 тенге;
- Дуэт 4500 тенге (бір қатысушы);
- Трио, квартет 4000 тенге (бір қатысушы);
Топтық түрдегі қатысушылар оркестр, ансамбльдер, хорлар үшін әрбір қатысушыға:
- 5-10 қатысушы 3500 тенге;
- 10 нан жоғары қатысушы - 3000 тенге

Жетімдер үйінің тәрбиеленушілері және жетім оқушылар өтеусіз негізде қатыса алады (құжаттар негізінде)
Байқау жарнасын төлеу, жүлделі орынға кепілдік бере алмайды.
Ескерту: келіп-кету шығынын жіберуші жақ көтереді.
Байқауға қатысушы оқушының жол және өмір қауіпсіздігіне ұйымдастыру алқасы жауапты емес!
Ұйымдастыру алқасы қатысушылар мен көрермендердің жоғалған жеке заттарына жауапты емес!
Қазылар алқасы мен ұйымдастыру алқасына дөрекілік танытып, байқауды жүргізуге кедергі келтірген қатысушылар мен жетекшілер байқаудан шеттетіледіжарнасы қайтарылмайды
Ұйымдастыру алқасы байқау барысында түсірілген барлық фото, бейне материалдарды орталықтың сайтында, ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде жариялауға құқылы!
*** Ұсынылған ереже заңды кұжат болып табылады.
*** Қатысушының сұраныс беруі, ереженің барлық шарттарымен келіскенін білдіреді.

Бізбен байланыс орнату:
Тел.: + 7 (702) 138 78 60 - Гулнур (WhatsApp)
+7 (776) 242 66 68 - Гулнур

Банк реквизиттері:
БИН 680719401579
БИК HSBKKZKX
АО «Народный банк Казахстана»
ИИК KZ496010002110105822
КНП 119 (Прочие операции)
Кбе 19
1) Тұтынушыныңаты-жөні
2) Қатысушының аты-жөні

При копировании информации ссылка на art-dance.kz обязательна.
Поделись ссылкой в социальных сетях
Теги: Алматы , ноябрь 2019 , Жұлдызды қолтаңба
23.11.19 | Просмотров : 1678 | ID события: 5271
Все события на ноябрь 2019 года
реклама в подвале

ПОИСК НА ПОРТАЛЕ
 
 
 
 
Свежие новости/события
 
 
 
ПОДАРИ ДЕТЯМ ЖИЗНЬ
detdom.kz

Общественный Фонд
«Добровольное Общество Милосердие»

www.detdom.kz

 
СТАТИСТИКА ПОРТАЛА
Новости ( 8 762 )
Новости (просмотры) ( 21 702 473 )
Статьи о танцах( 427 )
Тематический словарь( 56 )
Справочник по клубам( 573 )
Танцевальные коллективы( 159 )
Преподаватели( 322 )
 
Афиша ротатор
LEVEL_UP_oktober2024
ТОО «Pro танцы Kz»
«DANCEBERRY 2024»
GULNAR_FEST
 
Главная Форум Регистрация Обратная связь
Идея ТОО "Аль - Capital Ltd" © 2009 - 2023 Дизайн, разработка и поддержка портала - Сергей Зайцев    Сайт создан на CMS Danneo 0.5.2
За достоверность рекламных материалов и приглашений на соревнования и другие мероприятия Танцевальный портал art-dance.kz ответственности не несет.