Цель
Централизация всех танцевальных событий, клубов в едином ресурсе. Помощь в развитии танцевальной культуры на территории Республики Казахстан. Популяризация танцев и пропаганда здорового образа жизни. Поддержка государственной программы развития спорта.
Миссия
Объединение интересов новичков и профессионалов в области танцев.
По вопросам размещения информации, рекламы, а так же по вопросам сотрудничества звоните нам по тел.: + 7 (727) 327 93 14, сот.: + 8 702 158 53 48, 8 701 457 81 72 или пишите на e-mail: info@art-dance.kz
Поддержите проект с размещением логотипа и ссылкой на наш сайт. Скачать логотип.rar »
Добавить событие?!
Если Вы - организатор, какого-либо события в мире танца (предстоящие фестивали, турниры, соревнования и их результаты, а также мастер – классы и др.), то можете разместить бесплатно информацию на портале art-dance.kz.
Высылайте положения, фотографии на почтовый ящик info@art-dance.kz
За достоверность рекламных материалов и приглашений на соревнования и другие мероприятия Танцевальный портал art-dance.kz ответственности не несет. Также отметим, что мы оставляем за собой право отказать в размещении анонса без объяснения причин!
E-mail по вопросам размещения информации на портале: info@art-dance.kz
E-mail для танцевальных клубов (студий, школ): club@art-dance.kz
Условия размещения информации на портале
Все новости (предстоящие фестивали, турниры, соревнования и их результаты, а также мастер – классы и др.) публикуются бесплатно, для связи e-mail: info@art-dance.kz.
Информация о танцевальных клубах (контактные данные, услуги, расписание, стоимость занятий, о клубе, преподавательский состав, фотоальбом и др.) публикуется бесплатно.
Если Вы владелец или руководитель танцевального клуба, и хотите что бы Ваш клуб был занесен в каталог портала art-dance.kz, Вам необходимо заполнить форму-заявку на добавления в справочник по клубам или отправить письмо на e-mail: club@art-dance.kz.
Если Вы руководитель танцевального коллектива, или участник группы и хотите что бы данные о Вашем коллективе (деятельность, фотоальбом, история, проекты и др.) были занесены в каталог портала art-dance.kz, Вам необходимо заполнить форму-заявку на добавления в каталог. Размещение на портале бесплатно, контактный e-mail: group@art-dance.kz.
Если Вы преподаватель танцев, и хотите что бы Ваши данные были занесены в каталог портала art-dance.kz, Вам необходимо заполнить форму-заявку на добавления в каталог. Размещение на портале бесплатно, контактный e-mail: teachers@art-dance.kz.
Алматыда тұңғыш рет!
Жыл байқауы!
«Талантты ұстаз, талапты шәкірт!»
Өнерпаздар байқауының
ЕРЕЖЕСI
Өткізілу мерзімі: 06.10.2019 жыл
Уақыты: 9-00
Өткізу орны: Алматы (қосымша хабарланады)
Мақсаты: Аталған байқауды ұйымдастыру арқылы мұғалім мен оқушы арасындағы ынтымақтастықты қалыптастыру, таланттыларды айқындап, талаптыларды қолдау.
Мұғалім мәртебесін көтеру. Оқушылардың шеберлігін шыңдау, сахна мәдениетін жетілдіріп, рухани адамгершілік, эстетикалық тәрбие беру.
Байқауды ұйымдастыру мен өткізу
І. Байқауға қатысуға өнерлі, талантты мектеп ұстаздары, өнер мектептері мен музыка мектептерінің мұғалімдері және колледж ұстаздары шәкірттерімен бірге жұптасып өнер көрсетуге шақырылады. Екі оқушысымен бірге өнер көрсетуге рұқсат беріледіҮміткерлердің жас мөлшеріне шектеу қойылмайды.
ІІ. Байқау төмендегі кезеңдер бойынша өтеді
1. Көркем сөз
2. Эстрадалық вокал
3. Дәстүрлі ән
4. Аспапта орындау
5. Қолөнер (сырттай)
6. Бейнелеу өнері (сырттай)
7. Хореография
ІІІ. Байқаудың шарттары
1. Көркемсөз
Байқауға қатысушы жұптар(мұғалім мен оқушы) еркін тақырыпта 1 шығарманы жұптасып орындайды (өлең, мысал, монолог, толғаудан үзінді, сатира т.б.) оқуы қажет. Орындайтын шығарманы музыкамен көркемдеуге,театрландырылған қойылым ретінде көрсетуге рұқсат беріледі (берілетін уақыт 3 минут) ***Ескерту: Байқауға қатысушы үміткерлер берілген регламентті сақтаулары сұралады.
2. Эстрадалық вокал
Байқауға қатысушылар дуэт, трио 1 ән орындайды.Берілетін уақыт 3-4 минут ***Ескерту: Орындалатын әннің «жанды» дауыспен орындалуы талап етіледі. Минус сүйемелімен немесе саз аспаптарымен орындалуы шарт. Минусовка байқау күні диск, минидиск, флешкаға жазып әкелінеді.
Ережені сақтамаған жағдайда, қатысушының жетекшісі жауап береді.
3. Дәстүрлі ән
Байқауға қатысушылар аспаптың сүйемелдеуімен 1 әнді дуэт, трио ретінде орындайды. Әрбір қатысушы жұп тізімдік реті бойынша сүйемелдеуші аспабымен дайын болуы керек. Берілетін уақыт 3-5 минут
4. Аспапта орындау
Байқауға топтық түрде дуэт, трио қатыса алады және музыка аспаптарының барлық түрінде ұлттық, үрлемелі, ұрмалы, шекті, ысқышпен ойналатын аспап, түймелі т.б. бір шығарма орындайды. Берілетін уақыт 3-5 минут
5. Қолөнер
Байқауға қатысушылар қолөнер бұйымдарын (ағаш өңдеу, батик, тоқыма,зергерлік бұйымдар, ұлттық бұйымдар,киізден жасалған бұйымдар, сәндік - әшекей бұйымдар, сәнді киімдер т.б.) еркін тақырыпта бейнебаян(видео) арқылы ұсынады. ***Ескерту: Ұсынылған жұмысты ұстаз бен шәкірт бірлесе орындайды.
Берілетін уақыт 30-60минут.
Бейнебаян сапалы болуы және берілген регламентті сақтаулары шарт. Үміткерлер өздері туралы мәліметті, жарнаның түбіртегін Juldyzdy.qoltanba@mail.ru эл поштасына, түсірілген бейнебаянды 8 702 138 78 60 номеріне тіркелген Telegram желісіне 22.09.2019 ж. дейін жіберулері тиіс. Жүлделі орынға ие болған үміткерлер салтанатты марапатқа шақырылады және жұмыстары «Жұлдызды қолтаңба»Youtube желісінде көрсетіледі. қосымша ақпарат беріледі
6. Бейнелеу өнері (сурет)
Байқауға қатысушылар жұмыстарын еркін тақырыпта (гуашь, акварель т.б.) бейнебаян (видео) арқылы ұсынады. ***Ескерту: Ұсынылған жұмысты ұстаз бен шәкірт бірлесе орындайды.
Берілетін уақыт 30-60 минут.
Бейнебаян сапалы болуы және берілген регламентті сақтаулары шарт. Үміткерлер өздері туралы мәліметті, жарнаның түбіртегін Juldyzdy.qoltanba@mail.ru эл поштасына, түсірілген бейнебаянды 8 702 138 78 60 номеріне тіркелген Telegram желісіне 22.09.2019 ж. дейін жіберулері тиіс. Жүлделі орынға ие болған үміткерлер салтанатты марапатқа шақырылады және жұмыстары «Жұлдызды қолтаңба»Youtube желісінде көрсетіледі. қосымша ақпарат беріледі
7. Хореография
Байқауға қатысушы жетекші шәкіртімен бірге төменде көрсетілген би өнерінің түрлері бойынша қатыса алады
- Ұлттық би;
- Эстрадалық би;
- Спорттық би;
Заманауи билер; (эстрадалық би, модерн, хип-хоп т.б.)
Берілетін уақыт 3-4 минут ***Ескерту: бидің музыкасы байқау күні диск, минидиск, флешкаға жазылып әкелінеді.
Ережені сақтамаған жағдайда, қатысушылардың жетекшісі жауап береді.
Байқаудың қорытындысы, марапаттау
I. Байқаудың әділқазылар алқасы: Әділқазылар құрамына кіретіндер – танымал өнер иелері, ақын-журналистер, мәдениет саласының қызметкерлері
Әділқазылар қатысушыларды 10 балдық жүйемен ашық бағалайды.
Қазылар алқасының шешіміне байқаудың ұйымдастырушылары өзгеріс енгізе алмайды.
Қазылар алқасының шешімімен жүлделі орындар саны көбейтілуі немесе қысқартылуы мүмкін II. Байқаудың жүлдесі
1. Байқау қатысушылары дипломдармен марапатталады:
- «Бас жүлде» 100 000 тг. сыйақы
- «Лауреат» (І дәрежелі кубок, медаль, 50 000 тг. сыйақы);
- «Лауреат» (ІІ дәрежелі кубок, медаль, 30 000 тг. сыйақы);
- «Лауреат» (ІІІ дәрежелі кубок, медаль, 20 000 тг. сыйақы);
- «Дипломант» (І, ІІ, ІІІ дәрежелі медаль); Ұйымдастыру алқасы өтінішті 02.10.2019 жылдың қазан айына дейін қабылдайды!!!
Байқауға қатысушылар өздері туралы мәліметті нұсқасы төменде көрсетілген, төлқұжат көшірмесін, түбіртектің көшірмесін алдын ала тек Juldyzdy.qoltanba@mail.ru электрондық поштасына жіберуі тиіс.
Сұраныс нұсқасы:
Аты-жөні, тегі мұғалім
Атыжөні, тегі оқушы
Номинациясы
Орындайтын шығармасының тақырыбы , авторы
Электронды поштасы, телефоны
Қала, ауыл, мектебі
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
***Ескерту: Мараппаттау барысында қатысушының тегі, аты-жөнінде қателік кеткен жағдайда 10 жұмыс күні ішінде электрондық пошта арқылы түзетіліп беріледі.
Байқауға қатысушылар әлемдік тәжірибеде өтілген қалалық, республикалық, халықаралық мерекелік іс-шараларға алдын ала кіру жарнасын төлейді, жиналған қаржы байқауды ұйымдастыруға және өткізуге жұмсалады.
Байқаудың қаржылық талаптары
Байқауға қатысу жарнасы
Дуэт - 20000 тг.
Трио - 30000 тг.
Байқау жарнасын төлеу, жүлделі орынға кепілдік бере алмайды.
Ескерту: келіп-кету шығынын жіберуші жақ көтереді.
Байқауға қатысушының жол және өмір қауіпсіздігіне ұйымдастыру алқасы жауапты емес!
Ұйымдастыру алқасы қатысушылар мен көрермендердің жоғалған жеке заттарына жауапты емес!
Ұйымдастыру алқасы байқау барысында түсірілген барлық фото, бейне материалдарды орталықтың сайтында, ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде жариялауға құқылы!
Марапаттау барысында *** Ұсынылған ереже заңды кұжат болып табылады.
*** Қатысушының сұраныс беруі, ереженің барлық шарттарымен келіскенін білдіреді.