ПРЕСС-РЕЛИЗ
Құрметті журналисттер!
Абай атындағы опера және балет театры Сіздерді 2016 жылдың қазанның 16-ы 15.00-де болатын 83-ші театр маусымының ашылуына арналған пресс-конференцияға шақырады.
Театрдың бас директоры және көркемдік жетекшісі Асқар Бөрібаев алдағы маусым жайында, премьералар мен фестивальдар, концерттер, гастрольдер туралы айтып береді. Сонымен қатар, театрдың халықаралық аренадағы ынтымақтастығы жайында сұрақтар және өткен театр маусымынының негізгі тұстарын атап көрсетеді.
Пресс-конференциядан кейін Сіздерді
фуршет пен спектакльға шақырамыз.
Дәстүр бойынша, Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры өзінің 83-ші театр маусымын Ахмет Жұбанов пен Латиф Хамидидің «Абай» операсымен ашады. Режиссер Андреа Чиньи (Италия) мен дирижер, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Алан Бөрібаевтың жаңа қойылымындағы операның тұсаукесері 2014 жылдың маусым айында өтті, ал 2014 жылдың қазан айында бұл операны Парижде «Шанзелизе» театрының сахнасында көрсетіп, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.
Бас партияларды орындайтындар: Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Талғат Күзембаев, жетекші опера солисті Нұржан Бажекенов. Ажар партиясын Астана Операның солисті, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Салтанат Ахметова орындайды. Салтанат Ахметова «Үлкен опера» (2014) тележобасының үшінші маусымындағы жеңісінен кейін үлкен танымалдылық ие болды.
Дирижер - Ерболат Ахмедьяров.
Жаңа маусымда көрермендерді П. И. Чайковскийдің «Аққу көлі» балетінің премьерасы күтеді; Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу аясында классикалық өнер Фестивалі өтеді, онда балет кеші, Қазақстан композиторларының вокалды және аспапты музыкасының концерті, «Ұлы Дала аңызы» балеті және Ғ. Жұбанованың «Еңлік Кебек» операсының Премьерасы болады.
Опера және балет театры маусымның ашылуына дайындық үстінде және өз өнер сүйер көрермендерін асыға күтуде!
Байланыс телефондары:
тел.: 8 (727) 272 79 63, 272 20 42 - Екатерина, Сандуғаш
Абай атындағы МАОБТ, Алматы қаласы, Қабанбай батыр көшесі №110
ПРЕСС-РЕЛИЗ
Уважаемые журналисты!
Театр оперы и балета имени Абая приглашает вас 16 октября 2016 г. в 15.00 на пресс-конференцию по случаю открытия 83-го театрального сезона.
Генеральный директор и художественный руководитель театра - Аскар Бурибаев расскажет о предстоящем сезоне, премьерах, фестивалях, концертах и гастролях. Так же обозначит основные моменты прошедшего театрального сезона и вопросы сотрудничества театра на международной арене.
По окончанию пресс-конференции приглашаем вас на фуршет и спектакль.
Традиционно, Казахский государственный академический театр оперы и балета имени Абая, откроет свой 83-й театральный сезон оперой Ахмета Жубанова и Латифа Хамиди «Абай». Премьера оперы в постановке режиссера Андреа Чиньи (Италия) и дирижера, заслуженного деятеля РК Алана Бурибаева состоялась в июне 2014 г., а в октябре того же года спектакль представили в Париже на сцене театра «Шанзелизе», где он был с восторгом принят публикой.
Главные партии исполнят: лауреат Государственной премии Республики Казахстан Талгат Кузембаев, ведущий солист оперы Нуржан Бажекенов. Партию Ажар исполнит солистка Астана Опера, заслуженный деятель Республики Казахстан Салтанат Ахметова. Широкая известность к Салтанат Ахметовой пришла после ее победы на телепроекте третьего сезона «Большая опера» (2014), партию Жиринше исполнит солист Астана Опера - Евгений Чайников. Дирижер - Ерболат Ахмедьяров.
В новом сезоне зрителей ожидает премьера балета «Лебединое озеро» П. И. Чайковского; в рамках празднования 25-летия Независимости РК пройдет Фестиваль классического искусства, где будут представлены вечер балета, концерт вокальной и инструментальной музыки композиторов Казахстана, балет «Легенды великой степи» и Премьера оперы Газизы Жубановой «Енлик Кебек».
Театр оперы и балета готовится к открытию сезона и ждет своих поклонников!
Контакты:
тел.: 8 (727) 272 79 63, 272 20 42 - Екатерина, Сандугаш
ГАТОБ им. Абая, г.Алматы, ул. Кабанбай батыра 110