Главная festivali.kz Регистрация Обратная связь


Регистрация в справочнике О проекте art-dance.kz
 
КАТЕГОРИИ НОВОСТЕЙ
Концерты, балет, вечеринкиМастер-классыФестивали, конкурсы
 
 
 
 
« Дек.2024»
Пн.Вт.Ср.Чт.Пт.Сб.Вс.
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031     
 
МЫ ВКОНТАКТЕ
 
г. Астана
 
 
НАША БОЛЬШАЯ КНОПКА


Поддержите проект art-dance.kz!
Разместите нашу кнопку на своем ресурсе.

код кнопки:
 
Яндекс - Виджет

Танцевальные события

Удобный способ получать последние новости о танцевальных событиях в Казахстане от art-dance.kz.

добавить на Яндекс
 
Афиша ротатор
Astana Stars
Jas_daryn
 
Архив новостей:
2009/ 10/ 11/ 12/ 13/ 14/ 15/ 16/ 17/ 18/ 19/ 20/ 21
Предстоящие фестивали, конкурсы, турниры:

«Алатау шыңы» Республикалық балалар мен жастар шығармашылық конкурсы

«Алатау шыңы» Республикалық балалар мен жастар
шығармашылық конкурсын өткізу
ЕРЕЖЕСІ
28 - 29 наурыз 2017 жыл
Ақтөбе қаласы, №49 орта мектебі

«Алатау шыңы» Республикалық балалар мен жастар шығармашылық конкурсы (одан әрі - байқау)
«Жеті Өнер» шығармашылық орталығының ұйымдастыруымен өткізіледі.

Байқаудың басты мақсаттары:
- Қазақстан Республикасындағы музыкалық және шығармашылық білім беруді дамыту және шыңдай түсу;
- Педагог-ұстаздардың, конкурсанттардың байқау барысында өзара достасып, пікір алмасуы арқылы оқытудың одан әрі тиімді әдістемелерін таңдап енгізу, білім беру саласының педагогикалық қызметкерлерінің шығармашылық қызметіне дем беру;
- Балалар мен жасөспірімдерге көркем эстетикалық тәрбие беру, дарынды жастарды анықтап,оларға шығармашылық тұрғыдан қолдау көрсету.

ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ӨТКІЗУ

Байқауға республикамыздың барлық облыстарының өнерпаздары қатыса алады.

І. Байқау номинациялары және қатысушылардың жас шамасына қарай сайысатын топтары

Байқау жеті номинация бойынша өтеді:

1. Аспапта орындаушылық өнері, жеке немесе топтық орындау (түрлері бойынша):
1. 1. Ағаш-үрмелі аспаптар: флейта, гобой, кларнет, фагот, саксофон - альт, саксофон - тенор;
1. 2. Жез үрмелі аспаптар: валторна, труба, тромбон, туба, ұрмалы аспаптар;
1. 3. Қазақ халық аспаптары: домбыра, шертер, қобыз, қыл - қобыз;
1. 4. Орыс халық аспаптары: баян, аккордеон, классикалық гитара, домра - прима, домра - бас
1. 5. Эстрадалық музыка аспаптары
1. 6. Фортепиано;
1. 7. Ішекті аспаптар:скрипка, альт, виолончель,контрабас.
2. Дәстүрлі ән өнері, жеке немесе топтық орындау
3. Ән салу өнері,
жеке немесе топтық орындау (түрлері бойынша):
3.1. Академиялық ән салу, дауыстар бойынша: сопрано; меццо сопрано; тенор; баритон; бас.
3.2. Эстрадалық ән салу
4. Хореографиялық өнері, жеке немесе топтық орындау (түрлері бойынша):
4.1. Ұлттық би
4.2. Эстрадалық би
4.3. Спорттық би
4.4. Классика
5. Мәдени-тынығу жұмысы, жеке немесе топтық орындау (түрлері бойынша):
5.1. Көркемсөз
5.2. Скетч
5.3. Пародия
6. Бейнелеу өнері
7. Сәндік өнері
Қатысушылардың жас шамасына қарай сайысатын топтары

- Бүлдіршін тобы: 4-7 жас
- Балдырған тобы: 8-10 жас
- Жеткіншек тобы: 11-13 жас
- Жасөспірім тобы: 14-16 жас
- Жас өрен тобы: 17-19 жас
- Жас дәурен тобы: 20-25 жас
Ескерту: Егер топтық қатысушылардың жас ерекшелігі жоғарыда көрсетілген топтардың ешқайсысына сай келмесе, онда топ мүшелерінің басым бөлігі қай топқа сай, сол топпен жарысады. Мүшелердің саны тең түскен жағдайда, жасы жоғары топқа тіркеледі.

ІІ. Байқау шарттары
- Әр қатысушы жоғарыда берілген номинациялар бойынша еркін тақырыптғы 1 шығармамен қатыса алады. Әр шығарманың ұзақтығы 4-минуттан аспауы керек;
- Байқауға қатысушылардың әндері «жанды» дауыста орындалуы тиіс: жасалған аранжировка (эстрадалық, фольклорлық ансамбльдің, оркестрдың) минус сүйемелімен, саз аспаптарымен (домбыра, сырнай, қобыз, қылқобыз, жетіген, скрипка, т.б.) орындауға болады;
- Байқау барысында қатысушылардың орындау шеберлігі, сахналық киім ерекшелігі мен сахна мәдениетіне, би қозғалысының ритмикасы мен синхрондығына назар аударылады;
- Қатысушының таспасы мен оның дұрыс қойылуына жетекшісі жауапты;
- Қастысушылар бейнелеу өнерінен өз көрмесін ұсынады: графика және кескіндеме (живопись) өнері түрінен (А3 формат көлемінде). Бірінші жұмысы еркін тақырып бойынша, екінші жұмысы - патриоттық тақырып.
- Сәндік өнеріне қатысатындар әртүрлі жанрдан өз көрмесін ұсынады: мүсін, ағаш өңдеу, батик, тоқыма, зергерлік бұйымдар және басқа сәндік өнердің түрлерінен.

ІІІ. Техникалық шарттар
- Қатысушылар сүйемелдеуші аспаптарын өздері әкеледі;
- Шығарма салынған қалыпта тек байқау шығармасы ғана жазылуы шарт;
- Шығарма салынған қалыптың сыртында және ішінде қатысушы топ атауы, шығарманың аты жазылуы керек;
- Әр қатысушы тізімдік рет бойынша дайын тұруы тиіс. Сүйемелдеуші аспабы мен құралдарының дайындығына жетекшісі жауапты.

IV. Байқаудың қазылар алқасы

- Қазылар алқасының құрамы мәдениет және өнер қайраткерлері, кәсіби сазгер, тәжірибелі ғалым-ұстаздардан құралады;
- Қазылар алқасының шешімі түпкілікті және қайта қарауға жатпайды, сондай-ақ байқау ережелерінің бұзылуына жол берген қатысушылар байқаудан шеттетіледі!
Қазылар алқасының шешімі хаттамамен рәсімделеді және барлық мүшелері қол қояды;
- Қазылар алқасы мүшелерінің дауыстары тең бөлінген жағдайда Төрағаның дауысы шешуші болып табылады;
- Қазылар алқасының барлық мүшелері келіскен жағдайда бағдарламаны қысқарту немесе шығармаларды орындауды тоқтату туралы шешім қабылдауға құқылы;
- Қазылар алқасы байқауға қатысушылардың өнерін 10 ұпайлық жүйе бойынша (ашық) бағалайды. Жинаған ұпай саны бойынша орындаушылар қатарынан байқаудың жүлдегері анықталады.

V. Жеңімпаздарды марапаттау
Байқаудың қорытындысына сай әр номинация бойынша марапаттау беріледі:
Бас жүлде - жеңімпаз дипломы және арнайы сыйлық;
І орын - лауреат және сыйлық;
ІІ орын - лауреат және сыйлық;
ІІІ орын - лауреат және сыйлық;
І орын - дипломант және сыйлық;
ІІ орын - дипломант және сыйлық;
ІІІ орын - дипломант және сыйлық.
Байқауға қатысқан өнерпаздар мен тәлімгерлерге Мақтау қағазымен марапатталады. Байқауға жеңімпаздарды дайындаған педагогтар “Үздік тәлімгер” дипломымен марапатталады.
Аранайы дипломдар: «Көрермен көзайымы», «Ең жас қатысушы».
Әділ-қазылардың ұйғарымымен әр номинация бойынша берілетін орын саны көбейтілуі мүмкін.

VI. Қаржы шарттары
- Жеке орындаушылар - 10 000 теңге.
- Дуэт, трио - 15 000 теңге.
- Ансамбль - 4 адамнан 10 адамға дейін - 20 000 теңге,
10-адамнан жоғары - 2 000 теңге адам басына.
Қатысушылардың барлық шығындарын қатысушы жақ төлейді
Топтық қатысушылар тек ұстаздың жетекшілігімен ғана келеді.
Байқау жарнасын төлеу жүлделі орынға кепілдік бере алмайды.
Жарна ақысы ұйымдастыру жұмыстарының шығындарына жұмсалады және ол қайтарылып берілмейді.

VII. Тіркеу
Өткізілетін күні және орны:
28 - 29 наурыз 2017 жыл, Ақтөбе қаласы, №49 орта мектебі. Мекен-жайы: "Ақжар-2" тұрғындар алабы, 1608A
27 наурыз 14.00-19.00 дейін қатысушылардың тіркелуі;
28 - 29 наурыз 09.00-19.00 байқаудың салтанатты ашылу рәсімі, өнерпаздардың өнер көрсетуі. Байқау кестесі мен марапаттау уақыты қосымша таратылады.

Байқау кестесі мен марапаттау уақыты қосымша таратылады.

Байқауға қатысқысы келетіндер ұйымдастыру алқасына төмендегі құжаттарды жіберуі тиіс.
- Тапсырыс анкетасын толтыру;
- Туу туралы куәліктің көшірмесі;
- Банктық есепшотқа аударған жағдайда жарна төлегендігі жөніндегі түбіртек көшірмесі.
Көрсетілген құжаттар ұйымдастыру алқасына 2017 жылдың 18 cәуірге дейін тапсырылуы тиіс. Көрсетілген мерзімнен кейін келген өтініштер қаралмайды.

Тапсырыс анкетасы WhatsApp желісі және электронды почта арқылы қабылданады. Тапсырыс анкетасымен бірге біздің ереже сізге қалай, кімнен келгенін жазып жіберуіңізді сұраймыз. Біздің тараптан берілетін барлық құжаттар сіздердің анкеталарыңызға сәйкестендіріліп толтырылатын болғандықтан, дұрыс ақпарат берулеріңізді сұраймыз!!! Сүйемелдеуші болған жағдайда, анкетаға енгізуді ұмытпаңыздар!!!

Тапсырыс анкетасы:

Аты, жөні

Мемлекеті, Облысы, қаласы, ауданы, оқу орны

Тәлімгері
(толық аты-жөні)

Репертуары
(шығарма авторлары толық көрсетілсін)

Номинациясы: аспабы/жанры

Туған күні, айы, жылы

телефон

-

-

-

-

-

-

-

-

Біздің реквизиттер:
ИП «Жеті Өнер»
«Kaspi Bank» АҚ
KZ57722S000001170964 банк шоты
Курманова Сандугаш Таурбековна
ИИН/БИН 840101403123
КБе 19
КНП 869

Құрметті қатысушылар!
Байқаудың жоғары дәрежеде өтуі осы талаптардың дұрыс және дер кезінде орындалуына байланысты.
Қандай да бір өзгерістер енген жағдайда алдын ала хабарланып, әлеуметтік желідегі парақшада жарияланады.

«Сыйлық СЕРТИФИКАТЫ» берілген қалалар тізімі:
БҚО, Орал қаласы
Атырау облысы, Атырау қаласы
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы
ОҚО, Шымкент қаласы
Алматы облысы, Іле ауданы
Алматы облысы, Талғар ауданы
Алматы облысы, Жаркент ауданы
ШҚО, Ұржар ауданы
Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы

Байланыстар ұйымдастырушы:
e-mail: 7oner@mail.ru
+7 778 469 61 77, +7 747 184 84 31
+7 778 469 67 96, +7 707 869 61 77

Құрметті қатысушылар! Байқаудың жоғары дәрежеде өтуі осы талаптардың дұрыс және дер кезінде орындалуына байланысты.
Байқаудың Бас жүлде иегерлеріне әсем қала Алматыда мамыр айында өтетін «Жеті Өнер» I Халықаралық шығармашылық фестиваліне тегін қатысуға сыйлық сертификаты беріледі.
Қандай да бір өзгерістер енген жағдайда алдын ала хабарланып, әлеуметтік желідегі парақшада жарияланады.

При копировании информации ссылка на art-dance.kz обязательна.
Поделись ссылкой в социальных сетях
Теги: Актобе , март 2017 , Жетi Онер
28.03.17 | Просмотров : 2593 | ID события: 149
Все события на март 2017 года
реклама в подвале

ПОИСК НА ПОРТАЛЕ
 
 
 
 
Свежие новости/события
 
 
 
ПОДАРИ ДЕТЯМ ЖИЗНЬ
detdom.kz

Общественный Фонд
«Добровольное Общество Милосердие»

www.detdom.kz

 
СТАТИСТИКА ПОРТАЛА
Новости ( 8 948 )
Новости (просмотры) ( 22 389 883 )
Статьи о танцах( 427 )
Тематический словарь( 56 )
Справочник по клубам( 574 )
Танцевальные коллективы( 159 )
Преподаватели( 323 )
 
Афиша ротатор
100_Pro_tancy_Kz
ТОО «Pro танцы Kz»
5_BONANZA
4_TOOMUCH_Dance_Competition
GULNAR_FEST
 
Главная Форум Регистрация Обратная связь
Идея ТОО "Аль - Capital Ltd" © 2009 - 2023 Дизайн, разработка и поддержка портала - Сергей Зайцев    Сайт создан на CMS Danneo 0.5.2
За достоверность рекламных материалов и приглашений на соревнования и другие мероприятия Танцевальный портал art-dance.kz ответственности не несет.