«ЖАРҚЫРА ЖҰЛДЫЗ» Халықаралық балалар мен жасөспірімдер арасындағы өнер байқауы

“ЖАРҚЫРА ЖҰЛДЫЗ”
Халықаралық балалар мен жасөспірімдер арасындағы өнер байқауының ережесі мен шарттары
Өтетін күні: 17 қараша (ноября) 2024 ж.
Өтетін мекен жайы: Алматы қ-сы. Микрорайон Шуғыла 347/4
1.1. Байқау мақсаты: Өнерпаздарымыздың өнерін шыңдап, ұйымшылдыққа бейімдеу. Еліміздің жарқын болашағы мен
келешегі үшін өнерпаздарымыздың дарыны мен қабілетінің артуына жол ашып, білімді де өнерлі ұл - қыздарын тәрбиелеу.
1.2. Байқау ережесі:
Байқауға 4-21 жас аралығындағы Қазақстанның түкпір-түкпірінен өнерлі,
дарынды балалар қатыса алады.
1. Көркем сөз; оқушы тақырып бойынша ақынның бір өлеңін мәнерлеп оқу арқылы шеберлігін көрсете алады.
2. Эстрадалық вокал; қатысушы тек бір ән орындайды (тек қазақ тілінде ғана
емес, басқа тілдерде де қабылданады), (дәстүрлі ән, эстрада, классика, сондайақ дуэт, трио, квартет, хор) - жанды дауыста. (Байқау болатын күні минусовканы музыкантқа тапсырамыз).
3. Аспапта ойнау; жеке және топтық, дуэт, трио, квартет, ансамбльдер қатыса алады;
4. Хореография;
5. Қолөнер. Еркін тақырыпта (қатысушы алдын-ала қолдан жасалған қолөнер бұйымдарын байқау күні өткізеді)
1.3. Байқау жанры және бағдарламасы:
Қатысушылар тіркеу шарасы. Алдын ала тексеру,анықтау
- Вокал (жеке, топтық)
- Хореография (жеке, топтық)
- Көркем сөз
- Бейнелеу
- Қол өнер
- Аспапта ойнау (жеке, топтық)
1.4. Қатысушылардың жас ерекшеліктері:
- Бүлдіршін топ (4-7 аралығы)
- Кіші топ (8-10 жас аралығы )
- Орта топ (11-13 жас аралығы)
- Жасөспірім топ (14-16 жас аралығы)
- Жоғарғы топ (17-21 жас аралығы)
1.5. Бағалануы: Қатысушының көрсеткен өнеріне байланысты бағаланады.
Әр номинация бойынша қатысушы жас ерекшелігіне сай марапатталады
Бас жүлде: Арнайы статуэтка
I. Орын:Арнайы Медаль, Диплом(Алғыс хат)
II. Орын: Арнайы Медаль, Диплом(Алғыс хат)
III. Орын: Арнайы Медаль, Диплом(Алғыс хат)
ҰСТАЗДАРҒА: Ұстаздар «ҚҰРМЕТ» грамотасымен марапатталатын
болады.
30 бала алып келген ұстазға «ҚҰРМЕТ» грамотасымен « Төс белгімен» марапатталатын болады.
Ескерту:
- Байқау жабық түрде бағаланады;
- Әр номинацияны өзінің кәсіби маманы бағалайды;
- Қазылар шешіміне шағым қабылданбайды;
- Қазылар алқасының шешімі соңғы шешім болып табылады, қайта
қаралмайды.
- Қазылар алқасының мазасын алуға тыйым салынады;
- Өнерпаз өнер көрсетіп жатқанда жүруге, кедергі келтіруге болмайды
- Келіп кету шығынын қатысушы жақ көтереді.
- Қатысушы қәуіпсіздігіне жетекші жауапты.
- Байқауға қатысу үшін, жарна құнын алдын ала төлеп, тіркелу керек.
- 17 қарашаға дейін өнерпаз тіркеліп, негізгі тізім де болуы керек.
- 17 қараша тіркелу аяқталады.
!!!!! Байқау жарнасы:
1. Көркем сөз, вокал (жеке орындаушы) - 10 000теңге
2. Аспапта ойнау (жеке орындаушы) - 10 000 теңге
3. Хореография - әр балаға 5000 теңге
4. Дуэт, трио, квартет, ансамбль - әр балаға 5000 теңге
5. Бейнелеу, қолөнер - 7000 теңге
ОБЩИЙ ПРИЗОВОЙ ФОНД - 200.000 тг.
Большая семья - 50.000 тг.
Көрермендерге кіру ақылы: 1 адамға - 2000 теңге
ӨТІНІШ БЕРУ ҮЛГІСІ:
Аты-жөні |
Жасы |
Мектебі, өңірі, қала |
Жанры |
Шығарма аты |
Жетекшінің аты |
Байланыс телефон Эл.почта |
- |
- |
- |
- |
- |
- |
- |
!!! Өтініште көрсетілген қатысушы мен жетекшілердің аты-жөні толығымен және қатесіз, сауатты жазылуы қажет. Жетекшілерге берілетін алғыс хат пен қатысушының дипломы дәл осы өтініш бойынша жазылатынын ескертеміз!
Толық ақпарат бойынша:
Хамиова Сания: +7 747 967 1594
instagram: @jarkyra_juldyz.kz