VI Халықаралық «Kings of dance» би чемпионат

VI Халықаралық «Kings of dance» би чемпионаты
ережесі

Байқау құрылтайшысы мен ұйымдастырушысы: "Daryndаr Аlemi" Халықаралық шығармашылық қауымдастығы
Ақпараттық қолдау: Қазақстанның би порталы www.art-dance.kz

Байқау өтетін күн: 19 ақпан 2023 ж.
Өткізілетін орны: Қызылорда қаласы
Қатысу туралы өтінім - 11 ақпанға дейін қабылданады

БАЙҚАУ ШАРТТАРЫ:
Байқауға 3-18 жас аралығындағы жеке орындаушылар мен өнер ұжымдары қатыса алады.
Жас санаты: 3-4 жас, 5-6 жас, 7-9 жас, 10-14 жас және 15-18 жас.

Байқау номинациясы:
Хореография: барлық стилистикалар, жанрлар мен бағыттар

Байқау талаптары:
Байқау өтінімі және MP3 форматтағы музыкалық материалды 11 ақпанға дейін info-d.alemi@mail.ru электронды поштаға жіберіледі.
Өтінім әр қатысушыға (жеке орындаушы немесе ұжым) жеке толтырылады.
*Музыкалық материалсыз өтінім қабылданбайды.
Байқау қатысушыларының өнер көрсету кестесі алдын ала белгіленеді және ватсап желісі арқылы байқауға 2 күн қалғанда жіберіледі.
Байқау күні қатысушылар өзімен бірге музыкалық материалды MP3 форматта флеш-карта да алып келуі керек.
Ұйымдастырушылар байқау барысындағы түсірілген видео және фото өнімдерді ешқандай гонорарсыз қолдана алады.

Қазылар алқасы:
Қазылар алқасының құрамына аспаптық орындау саласындағы жоғары білікті мамандар: педагог, мәдениет және өнер қайраткерлері, профессорлар кіреді.
Қатысушылар әр номинацияда, әр жас санатында бағаланады. Қазылар алқасы жабық дауыс беру арқылы бағалайды. Қазылар алқасының шешімі түпкілікті болып саналады және өзгертілмейді.
Ұйымдастыру комитеті қазылар алқасының шешіміне және қатысушыларға орын беруге жауапты емес.
Қазылар алқасы сыйды бөліп беруге немесе бермеуге құқылы.

Марапаттау:
Бас жүлде әр номинация бойынша (10 000 т. сыйақы, кубок және диплом)
Орындар - I-ші, II-ші, III-ші (кубок, медаль және диплом)
* Барлық қатысушылар марапатталады, сыйлықтар саны шектелмейді.
** Егер әр жас санатында 10-нан астам қатысушы / ұжым жиналмаса, Гран-При берілмейді.

Байқауға қатысу жарнасы:
Барлық шығынды қатысу жақ өзі шығарады.
11 ақпанға дейінгі төленетін байқау жарнасы:
*Жеке орындаушы (солист) - 12 000 тг.,
*дуэт, трио, квартет - 6 500 тг. әр қатысушыдан,
*ансамбль - 5 адамнан жоғары - 4 500 тг. әр қатысушыдан төленеді.

Байқауға келмей қалған қатысушыға жарна соммасы қайтарылмайды.
***Егерде бір жас санатында 10 қатысушы немесе ұжым жиналмаса Бас жүлде берілмейді.
***Концерт залға кіру ақылы, билет құны - 1 000 тенге (байқау күні сатылады)
*** Ұйымдастырушылар байқау ережесін өз қалауынша өзгерте алады.

Банк реквизиті:
Каспий банк Карта номері: 4400 4301 9385 6983
8701 6494784 (Каспий Голд)

Мекен - жайымыз:
Астана қ., Тәуелсіздік даңғылы 14, офис 10
Ұйымдастыру: 8 701 649 4784
e-mail: info-d.alemi@mail.ru
instagram @daryndar_alemi