Республикалық шығармабайқауының атты жасөспірімдер мен балалар арасындағы «Туған тілде әнім менен сәнім бар…»
«Туған тілде әнім менен сәнім бар…»
атты жасөспірімдер мен балалар арасындағы
Республикалық жазбаша шығарма байқауының

Өткізілу мерзімі: 2018 жылдың 30 қыркүйекке дейін.
Өткізу орны: Алматы қаласы, Мақатаева 127/3, 2 қабат, 1 кеңсе.
Байқауға қатысушылар: Байқауға көркем сөз оқу шеберлігін игерген, ақындық дарындылыққа ие 6-22 жас аралығындағы балабақша мен білім беру мекемелерінің оқушылары қатысады.
Жас ерекшеліктеріне байланысты оқушыларды төмендегідей топтарға жіктеу қарастырылған:
- Бүлдіршін топ (6-7 жас);
- Кіші топ (8-10 жас);
- Орта топ (11-13 жас);
- Жасөспірім топ (14-16 жас);
- Жоғарғы топ (17-22 жас).
Байқау «Шығарма» номинациясы бойынша өтеді.
Байқауға қатысатын шығарма бұрын соңды еш жерде /мерзімді басылым, ғаламтор парақшалары/ жарияланбаған болу шарт. Байқауға «Туған тілде әнім менен сәнім бар…» атты тақырыпта (Жазбаша шығарма, Поэзия, Ертегі, Әңгіме, Новелла, Сценарий). 1 шығармамен қатысады. Басқа байқауға қатысып, жүлде әкелген жұмыспен қатысуға болмайды. Байқауға қатысқан шығармаға ғаламтордан дайын жұмысты көшіруге қатаң түрде тыйым салынады. Байқауға әкелінетін шығарма компьютерде Times New Roman қарпімен, 12-өлшемде терілген, кемі 1 бет болуы керек. Көлем ұзақтығына шек қойылмайды. Байқау қатысушысы жұмысының бірінші бетіне арнайы мәлімет қағазын толтырып, өткізуі шарт /Мәлімет қағазы қосымша бетте ұсынылған.Шығарма жұмыстары nurly.zhastar@mail.ru электронды поштасы арқылы қабылданады. Шығарма мен кіру жарнасын 30 қыркүйекке дейін өткізуі қажет.
Байқаудың нәтижелері туралы ақпарат ашық түрде гала концертте хабарланады.
Байқаудың жүлдесі:
1. Байқау қатысушылары дипломдармен марапатталады:
- «Лауреат» (І, ІІ, ІІІ дәрежелі);
- «Дипломант» (І, ІІ, ІІІ дәрежелі).
2. Көзге ерекше түскен белсенді қатысушылар мен олардың жетекшілері алғыс хаттармен, арнайы дипломдармен және құнды сыйлықтармен марапатталады.
Байқауды өткізу мерзімі:
30.09.18 - дейін жұмысты қабылдау
13.10.18 - жеңімпаздарды марапаттау.
Байқаудың нақты кестесі, өткізілетін орны, уақыты қатысушылардың орындаулары мен марапаттауы
01.10.2018ж - кейін белгілі болады.
Қандай да бір өзгерістер енген жағдайда алдын ала хабарланып, әлеуметтік желідегі парақшаларда жарияланады.
Ұйымдастыру комитеті өтінішті 2018 жылдың 30 қыркүйекке дейін қабылдайды!
Байқаудың қаржылық талаптары.
Шығарма жарнасы - 5000 тг. (1 жұмыс).
Әлеуметтік жағынан осал, сондай-ақ мүгедектер мен жетімдер үйінің тәрбиеленушілері өтеусіз негізде қатыса алады (5 қатысушы)
Байқау жарнасын төлеу, жүлделі орынға кепілдік бере алмайды.
Бізбен байланыс орнату:
Алматы қаласы, Мақатаев көшесі 1273 (Байтұрсынов көшесінің қиылысы), 2 этаж
Тел: 8 (727) 229 03 97, 8 775 465 67 01, 8 707 820 20 69 (WhatsApp)
Электрондық пошта: e-mail: nurly.zhastar@mail.ru
Біздің реквизиттер:
«Нұрлы жастар - өнер орталығы» қоғамдық қоры
БИН: 170 340 029 200
Алматы қ, АО"ForteBank" филиалы.
Ағымдағы шот (IBAN счет) в KZT: KZ5596502F0008704413 (Байқауға қатысу үшін ерікті жарна)
SWIFT код: IRTYKZKA
БИН/БСН: 980341000286 Кбе 18; КНП 890;
Жеке тұлғалар қордың бірегей коды бойынша төлей алады (УНИКОД) №100514
Төлеу кезінде тұтынушы банк қызметкеріне уникод хабардар етуге тиіс.
1) Тұтынушының аты-жөні
2) Қатысушының аты-жөні
3) Номинациясы
Орындаушы: Турысбекова Б.А.